Қытайдан Польшаға медициналық заттар тасып жүрген ұшақ Алматы әуежайына не үшін қонғаны белгілі болды
Қытайдан Польшаға медициналық заттар тасып жүрген ұшақ Алматы әуежайына не үшін қонғаны белгілі болды
Фото: Интернеттен алынды
270
оқылды
Әлемдегі ең үлкен жалғыз жүк тасымалдайтын ұшақ – Ан-225 «Мрия» тағы да Алматы әуежайына қонды. Алматыға жанармай құю үшін аялдаған. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жолы борт Қытайдан салмағы 102 тонна болатын рекордтық көрсеткіштегі жүкпен ұшып келді. Ұшаққа медициналық заттар және COVID-19 қарсы құрал-жабдықтар тиелген. Бұл туралы украиналық БАҚ хабарлады. Ол Алматыдан Польша астанасына ұшады. Варшавада 14 сәуір күні таңғы сағат 09:30 шамасында болуы тиіс. Айта кетейік, бұған дейін де Алматы әуежайына әлемдегі ең үлкен Ан-225 «Мрия» ұшағы жол-жөнекей қонған болатын. «Мрия» ұшағы 1988 жылы Киевте жасалған.