Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласында коронавирус індетінен екі науқас көз жұмды.
Барлығы 14 адам қайтыс болды.
Айта кетейік, соңғы дерек бойынша Қазақстанда коронавирусқа 1091 адам шалдыққан.
Оның ішінде, Алматы қаласында – 99 адам, Қарағанды облысында – 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 3 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақмола облысында – 2 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 1 адам, Атырау облысында – 3 адам қауіпті дертпен ауырады. Олардың 110-ы жазылып шықты. 14 адам көз жұмды.