Құлбек Ергөбек, жазушы, ғалым: Ұлтты жаңғыртатын мәдениет
Құлбек Ергөбек,  жазушы, ғалым: Ұлтты жаңғыртатын мәдениет
381
оқылды

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында халқымызға, ұлтымызға тікелей байланысты, оның бай мәдениеті мен тарихи ұстынын әйгілейтін біраз тақырып кеңінен қамтылған. Соның бірі – түрік өркениеті жайында. Осы орайда белгілі түріктанушы ғалым Құлбек Ергөбек аға­мыз­бен сұхбаттастық.

– Елбасы өз мақаласында түрік халықтарының ортақ онлайн кітапханасын ашу жайлы да айтады. Осыған қатысты ойыңыз қандай?

– Президент 2007 жылы Нахичеванда түрік тілдес мемлекет басшылары самми­тін­де бір қызықты идея айтты. «Біз Түркістанда түрік халық­та­рына ортақ Түрік акаде­мия­сын ашамыз. Оның қасында музейі, көптілді кітапханасы болады» деген еді. Бірақ ол академия Астанадан ашылды. Елбасының сол жылғы сөзінен кейін Түркістанда «Түрік тілдес халықтар кітапханасын» аш­тым. Онда 24 түрік тіліндегі 41 мың кітап бар. Әзірбайжан тілінен бастап бүгінде жоғалып кетудің аз алдында тұрған шор тіліне дейінгі кітаптар жинақ­тал­ған. Бұдан бірнеше жыл бұ­рын шор ақыны Л.Арбача­кова­ның «Шерим менин» (Жерім менің) аталатын поэти­ка­­лық жинағы жарыққа шық­қан еді. Шор тілінде жарық көрген еңбектің соңы осы Людмила жыр жинағы болмағай деп қауіп ойлаймын... «Түрік тіл­дес халықтар кітапханасын» жер-жерден келіп түрколог ғалымдар, мамандар, ХҚТУ студенттері еркін пайдалануда. Бірде саха түркологы Н.Васильев араға жыл салып қай­та келіп, бір қыс біздің кітап­ха­на­да отырып түркология бағы­ты бойынша жұмыс істеді. Тіпті өзіміздің басты түріктану­шы­мыз, академик Әбдуәли Хайдари да «Ой-хой мына кітапхана бай екен. Мен де келіп, осында отырып жұмыс істеймін» деген еді. Түркиядан келген Әсел Лақаева есімді қызымыз «Түрік тілдес халық­тар кітапханасы­мен» мейлінше танысып, Анка­рада тап осын­дай электронды кітапхана аша­мын» деп қызы­ғып аттан­ған. Қазір сол кітап­хананы ашыпты. Электронды.

– Сіздің кітапхана жайында жұрт қаншалықты құлағдар?

– «Түрік тілдес халықтар кітапханасының» ашылып, жұмыс істеп тұрғанына он жылдан асты. Жақсы ақын, жүйрік көңіл журналист Жаңыл Асылбекова арнайы хабар жасады кезінде. Түркиядан арнайы телеарна келіп түсіріп, бауырлас елдегі дүйім 81 мил­лион халыққа көрсетті. Татар, башқұрт, өзбек тілдерін­дегі газет-журналдарда бір­сыпыра мақала, материалдар да жарық көрді. Төрткүл дүние­ден келген түрколог ғалымдар, қонақтар қалдырған пікірлерге қарағанда «Түрік тілдес халық­тар кітап­ханасы­ның» дүние­жүзінде әзірге аналогы жоқ...

– «Түрік тілдес халықтар кітап­ханасының» тақырыбы, тілі, содан шығарып жалпы табиғатына тоқталсаңыз?

– «Түрік тілдес халықтар кітапханасында» түрік халық­тары жайлы мәліметтер мол жинақталған. Оның ішінде Эфрон, Брокгауз көптомдық энциклопедиясы, Гранат энцик­лопедиясы, Южаковский энци­клопедиялық сөздігі көптом­дық­тары бар. Бәрі де XIX ғасырда басылған дүниелер. Тіпті Северцевтің 1873 жылы басылған «Түркістан хаюанат­тары» аталатын өте сирек кез­десетін кітабы бар. Бұл рари­тет­тік кітаптар – бір жүйе!
Сон­дай-ақ әліпбилік жүйемен жасақтал­ған түрлі түрік тіліндегі кітаптар сап құрап ол тұр. «Алтай тіліндегі кітаптар», «Әзір­байжан тіліндегі кітап­тар», «Башқұрт тіліндегі кітап­тар», құмық, қарайым, қыр­ғыз... болып жал­ғасып кете бара­ды. Тва, шор, хакас тілін­дегі әдебиет­тер­мен жинақта­лады. Бұл саптағы кітаптар саны алды 6 мың, аяғы 5-6 кітап болуы мүмкін. Қолдану аясы тарылған, жойылудың аз-ақ алдындағы шор тіліне дейінгі кітаптар бар. Аналогы болмай­тын себебі де сол. Сонымен қатар дүние ғалам түркологтары кітапхана­сын да жинақтап келемін. Қазақ түр­ко­логиясы­ның басын­да тұрған Бей­сембай Кенжебай­ұлы, баш­құрт түрко­логы М.Идельбаев, 2 мәрте Мемлекеттік сыйлықтың иесі, өзбекстандық Насыр Фазылов, татардың ірі ғалымы академик Х.Миңнегу­лов, саха­лық ғалым Н.Васильев, қара­қал­пақ ғалы­мы С.Бахады­рова, ұйғыр түрко­логы Ғ.Садуа­қа­сов, түркиялық қайраткер Н.Зейбек, хакас В.Бута­наев... міне осындай ай­ту­лы түрколог ғалымдар өзде­рі­нің жеке кітапханасын қалып­тасты­рып отыр. Мұны кітапхана ішіндегі кітапхана десе болатын шығар. М.Қаратаев, Ө.Тұрман­жа­нов, М.Әлімбайұлы, Ө.Жәні­бек, Т.Кәкішұлы, Ө.Күміс­баев, Ә.Дербісәлі, Ө.Айтбайұлы, Ә.Жүнісбек, А.Осман, К.Сей­де­ха­нов, Р.Сейт­мет, К.Смайы­лов, Г.Бельгер (бәрін санамалап жату шарт емес шығар) осындай қазақ ақын, жазушы, ғалым­дары­ның үйіндегі жеке кітап­ха­на­сынан бас құрайтын тағы бір жүйе кітапхана бар. Сондай-ақ ұстазым, рухани әкем, қазақ түркологиясы басында тұрған Бейсембай Кенжебайұлының атынан түркологиялық музей ұйымдастырып аштым. Әзірге ол да дүниежүзіндегі тұңғыш түркологиялық музей.

«Ұлы даланың жеті қырына» байланысты да жер-жерде мәселені сөз жүзінде талдап, талқылап қоя салмай, идеяларды жүзеге асыру керек дер едім. Сонда Президент айтқан онлайн кітапхана да, барша түрік ұлт-ұлысы тарихын Түркістанға жинақтайтын  түрік халықтары музейі де біртіндеп жүзеге асады.


– Президент айтып отырған онлайн кітапхана сіздің ойыңыз­ша қандай негізде жабдықталуы керек?

– Әңгіме бір кітапханада емес. Ұлтты рухани жаңғыр­та­тын кітапхана, музей, өнер гале­реясы секілді мәдениет үлгі­лері. ЮНЕСКО негізгі тізі­мі арқылы қорғалатын Қ.Яссауи, Айша бибі кесенесі секілді ұлы жәді­гер­лер қалдыр­ған ата-бабамыз ұлы мәдениет иесі болған. Бірақ ұрпағы біздің салғырттығы­мыз­дан соның көбі жоғалған, сарқыл­маған. Сақтай алмаған­быз. Ұлы түрко­лог Массон Алтын Орданың кезін­де мыңда­ған қала салын­ған дейді. Солай аталатын кітабы бар. Қазақ түркологиясы басында тұрған Б.Кенжебайұлы Алтын Орда заманында баба­ларымыз 110 шаһар салғанын, шаһарлық мәдениет жөнінен дүние ғаламға үлгі болғанын айтады. Алтын Орда ықпалы мына жағы Қытай, мына жағы Египетке дейін жеткен. Баба­ларымыз түріктілді мәде­ниет­пен бірге арабтілді руха­ният жасаған дейді. Жиһан­кез елші Ибн Батутаның дүние­жүзін аралай жүріп өзен суы (Еділ) өзі үйді-үйге кіріп, тұрғындардың қажетін өтеп, сыртқа екінші бір қиырдан шығып кететін ғажа­йыпты тек Алтын Ордадан ғана көрдім деп жазғаны белгілі. Қалалық мәдениеттің бір көр­сет­кіші – Сырдариядан су тар­тып пайда­ланып, жуынды суды сыртқа ағызып жіберетін қыш-шығыр­лар тізбегін Отырар­дан кемел археолог Кемел Ақышев ашты. Өзіміз бағаламай келгені­міз болмаса, бізде бәрі де болған. Бізге таңылумен келе жатқан бірыңғай көшпелі халық деген ұғым теріс теория. «Ұлы дала­ның жеті қырында» жылқы мәдениеті жайында айтылады. «Берел» археология­лық қоры­ғынан табылған жыл­қы­лар пікірімізге дәлел емес пе?! Елба­сы айтуын айтып-ақ келе­ді. Тек Елбасының ұлт рухания­ты жайында айтқан бағдарлама­лық ойын іліп әкетіп іске асыруға келгенде ілесе алмай келеміз. Қайталап айта­мын, Түркістанда кітап­­хана, музей, галерея ашуы­ма Елбасы­н­ың Нахиче­ван­да 2007 жылы айтқан сөзі түрткі болды. Бүгін сондай өнікті идеялар «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарла­ма­лық мақаласында концеп­ция­лық сипатқа ие болды, тұтас жүйеге айналды. «Ұлы даланың жеті қырына» байланысты да жер-жерде мәселені сөз жүзінде талдап, талқылап қоя салмай, идеяларды жүзеге асыру керек дер едім. Сонда Президент айтқан онлайн кітапхана да, барша түрік ұлт-ұлысы тарихын Түркістанға жинақтайтын түрік халықтары музейі де біртіндеп жүзеге асады. «Түрік тілдес ха­лық­тар кітапханасын» кеңейтіп, үлкейтіп салу идеясын көп жыл­дан қала әкіміне айтып, ағымдағы баспасөзде жазып келе­мін. Ол идея Елбасы ал­дын­­да бекіді деп естідім. Кітап­хана салу тек үлкен етіп ғима­рат тұрғызумен шектел­мейді. Лайықты заманауи ғимарат та болуы керек, әрине. Әйтсе де, мәселе мазмұнда. «Түрік тілдес халықтар кітапха­насы» болған соң, оған Түрік қағанаты зама­нын­дағы Орхон-Енисей руна жазулары секілді тас кітаптар (көшірме болса да), Ұйғыр қаға­наты, Қарлуқ зама­ны жазбалары, ислам дәуірін­дегі арабтілді әдебиет, Алтын Орда зама­нындағы түріктілді кітап­тар... дегендей не ықылым уақыттың руханияты жиналуы керек деп есептеймін.

– Кемел идеяңызды жүзеге асы­ру жолындағы ісіңіз сәтті бол­сын!