Нұр-Сұлтанда бес полицей коронавирусқа тексеріліп жатыр, қазіргі уақытта олар карантинге жатқызылды.
Бұл туралы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов айтты.
"Полицейлер дәрігерлер сияқты қызмет етіп жатыр. Өкінішке қарай, біздің қызметкерлерге де қауіп төніп тұр. 17 қызметкер коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Бес қызметкер карантинде жатыр. Зерттеу қорытындысы шыққанда диагноз белгілі болады", - деді Сәденов.