Нұр-Сұлтандағы сауда үйлерінің бірінде әйелдің неден көз жұмғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтандағы сауда үйлерінің бірінде әйелдің неден көз жұмғаны белгілі болды
© Хабар 24
199
оқылды
27 наурыз күні Нұр-Сұлтандағы сауда үйлерінің бірінде егде жастағы әйел кенеттен қайтыс болды. Елордалық полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов бұл кісі өлімнің коронавирусқа қатысы жоқ екенін баса айтты. Ол қайтыс болған әйелдің 70 жаста болғанын айтты.
Бұл факт бізге белгілі. Марқұм 70 жастағы әйел адам. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, ол бірнеше рет инфаркт алып, ауырған. Сауда үйінде кезекті рет ол кісінің жүрегі ұстаған. Оған дейін де ол инфаркт, қант диабетімен есепте тұрған. Яғни, оның COVID-19-ға ешқандай қатысы жоқ, - деді Саденов Орталық коммуникациялар қызметінде "Еліміздегі төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау" тақырыбында өткен баспасөз конференциясында.
Бұрын қайтыс болған зейнеткер сауда орталығының тұрақты тұтынушысы екендігі айтылған, соған байланысты сатушылар әйелдің денсаулығына байланысты проблемалары бар екенін жақсы білген, бірақ оның арты бұлай болады деп ешкім болжамаған.