"Абу-Даби Плаза" қызметкері коронавирус жұқтырған
"Абу-Даби Плаза" қызметкері коронавирус жұқтырған
© Сурет ғаламтордан
288
оқылды
"Астана Энергия" АҚ мен "Абу-Даби Плаза" қызметкерлері коронавирус жұқтырғаны анықталды,– деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты. "Абу-Даби Плаза" қызметкері жарты айдан астам уақыт жұмыста болмағандықтан әріптестерімен қарым-қатынаста болмаған. Жақын қатынаста болған 2 адам анықталды (ұйым қызметкерлері емес). Қазіргі таңда біреуі стационарда, екіншісі  үй карантинінде. Науқас қызметкердің әріптестерімен қатынаста болмағанына қарамастан жұмыс уақытша тоқтатылды. Аумақта дезинфекция жүргізілді. Жақын арада жұмыс қайта басталады. Нұр-Сұлтанда барлығы 268 адам коронавируспен ауырып, 110 адам сауықты. "Астана-Энергия" АҚ бір қызметкері коронавирус жұқтырған. Мекеме ғимараты мен аумағында әскери бөлімдермен бірлесіп дезинфекциялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Науқаспен жақын байланыста болған 11 адам (9 адам жұмыс барысында) үй карантиніне алынды. Ал коронавирусқа шалдыққан адам стационарда жатыр. Қауіп-қатердің жоқтығына байланысты кәсіпорын жұмысы жалғастыруда. Қызметкерлерді тасымалдау ұйымдастырылды. Көлік дезинфекцияланды. Қызметкерлер қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Нұр-Сұлтанда барлығы 268 адам коронавируспен ауырып, 110 адам сауықты.