Біртанов Алматыдағы коронавирусқа шалдыққан 100-ден астам дәрігердің мәселесі шешілетінін айтты
Біртанов Алматыдағы коронавирусқа шалдыққан 100-ден астам дәрігердің мәселесі шешілетінін айтты
Фото: Интернеттен алынды
2,212
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған алматылық дәрігерлерге қатысты пікір білдірді. Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада 147 дәрігер коронавирусқа шалдыққан. Аурухананың бірнеше қызметкері «Көктем» шипажайына карантинге жатқызылды. «Орталық қалалық клиникалық ауруханада коронавирус таралуына байланысты: менің тапсырмам бойынша денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров пен Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитеті басшысының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов Алматының денсаулық сақтау басқармасының басшысымен бірге «Көктем» шипажайында жатқанклиника қызметкерлерімен кездеседі. Барлық сұрақ пен мәселелер эмоциясыз заң бойынша шешіледі деп сенемін», – деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында. Сондай-ақ, министр Алматыдағы медициналық мекемелерде коронавирус мәселесімен тәжірибелі эпидемиолог Нұрхан Сәдуақасов айналысатынын айтты. Айта кетейік, біз бұған дейін Алматыда тест нәтижесі басқа біреумен ауысып кеткен дәрігерлердің проблемасын жазған болатынбыз.