Ауыл шаруашылығы министрлігі төтенше жағдайға байланысты енгізілгеннен тәртіп бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін таситын жүк көліктері блокпосттардан кдеергісізі өтетінін мәлімдеді.
Көктемгі егіс, жиын-терім жұмыстары кезінде ешқандай кедергі болмайды.
Техникалардың облыстық, респбликалық маңызы бар жолдарда жүріп-тұруына да кедергі жоқ.
Бұл мәселе Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы және тағы басқа әкімдіктермен шешілді.
Көктемгі дала жұмыстарын істеу үшін, оның ішінде алқаптардан жиналған өнімдерді жаппай өткізу кезінде барлық бағытта импорт, экспорт кедергісіз жүзеге асады.
Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруалардың төтенше жағдай кезінде жиналған өнімді сақтау және сату барысында қиындық болмайтынын айтты.
«Министрлің фермерлерге көмек ретінде дүйсенбі күні облыс әкімдіктерімен кеңес өткізіп, облыстарды өзара азық-түлік қоры туралы ақпаратпен алмасып, тапшылық байқалған аймақтарға өнімнің мол қоры бар өңірлерден тауар алмасуға шақырды. Нәтижесінде республиканың барлық өңірінің жергілікті атқарушы органдары жақын арада Қазақстанның оңтүстігінен 50 мың тонна ерте шығатын орамжапырақты сатып алуға дайын екендіктерін хабарлады. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі өнімді экспорттау үшін қажетті фитосанитариялық сертификаттарды жедел түрде беруде. Енді фермерлер қалған 250 мың тонна өнімді Ресей Федерациясына еш кедергісіз сата алады» делінген министрліктің хабарламасында.
Шымкент және Түркістан облыстары бойынша 14 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 4 мың тоннаға жуық орамжапырақты экспорттауға 204 фитосанитариялық сертификат алды.
«Тез бұзылатын өнімдерді кедергісіз тасымалдау үшін фермерлердің автокөліктеріне «#BizBirgemiz Түркістан облысының азық-түлік өнімдері» деген жазбамен логотип жабыстырылады. Мұндай жапсырмалар фитосанитариялық және карантиндік сертификаттармен бірге берілетін болады», – деді министрлік өкілі.