Алматыда COVID-19 жұқтырған үш науқас ауыр жағдайда жатыр
Алматыда COVID-19 жұқтырған үш науқас ауыр жағдайда жатыр
Фото: Тұрар Қазанғапов
159
оқылды
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырған алматылықтардың жағдайын айтты. Бүгінде қалада 311 науқас ем алып жатыр. Науқастардың ішінде - төрт бала мен үш жүкті әйел бар.
"253 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Үшеуінің жағдайы ауыр, 55 ересек адамның жағдайы орташа ауыр", - деді Тілеухан Әбілдаев.
Сондай-ақ, провизорлық госпитальдерде 343 адам ем алып жатыр. Олардың 11-і балалар, 419 адам карантинге жатқызылса, 7 097 адам үй карантинінде. Еске салайық, бүгінде Алматыда 370 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 58-і аурухунадан шығарылды, екі адам қайтыс болды.