Қараөткел де карантинге жабылды
Елімізде төтенше жағдайға байланысты бастапқыда Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланған. Сол кезде елорда айналасындағы Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Қосшы және Жібек-Жолы елді мекендерінің ауданында алты блокпост орнатылды.
[caption id="attachment_35955" align="alignnone" width="1024"] © Айтжан Мұрзанов.[/caption]
Дегенмен жоғарыда көрсетілген ауыл тұрғындарына елордаға кіруге рұқсат берілген еді. Өйткені сол кезде бұл елді мекендер карантиндік аймаққа енген. Алайда уақыт өте Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Қараөткелдің кіреберісіндегі блок пост күшейтілді.
13 сәуірден бастап Ақмола облысының бас санитары ауылды карантинге жапты. Себебі, ауылдағы екі отбасынан коронавирус белгісі анықталған. Олар күн сайын Нұр-Сұлтан қаласына барып-келіп жүрген екен.
Бұл ауыл тұрғындарының көпшілігі қалада жұмыс істейтіндер. Осы екі күннің ішінде оларға ескерту жасап, бір жақты болуын қадағалауда. Бірі – киім-кешегін алып, қалада тұрып жұмыс істейтін болса, енді бірі – ауылдан шықпайтын болды.
[caption id="attachment_35961" align="alignnone" width="1024"] © Айтжан Мұрзанов.[/caption]
Күзетшілердің айтуынша, ауылдан кеткендер каратин біткенге дейін үйіне оралмайды. Тіпті кейбір отбасының елорда да, осы жақта да үйлері бар. Басым көпшілігі Нұр-Сұлтандағы үйлеріне кетіп жатыр.
[caption id="attachment_35962" align="alignnone" width="1024"] © Айтжан Мұрзанов.[/caption]
Қазір тек азық-түлік тауарларын тасымалдайтындар өтуде. Онда да олардың рұқсат қағазы болуы тиіс. Елді мекеннің ішінде кешкі 9-дан кейін қозғалыстың бәрі тоқтатылады. Балалар ата-анасыз немесе үйдегі үлкендерсіз емін-еркін далада жүруіне тыйым салынған. Қаладағыдай бұл жердің де тұрғындары тек азық-түлікке, дәріханаға бара алады.
[caption id="attachment_35963" align="alignnone" width="1024"] © Айтжан Мұрзанов.[/caption]
Блокпосттағы медицина қызметкерлердің жұмысқа шығуы – бүгіннен басталған. Олар осы ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның медбикелері екен. «Әзірге 6 адам шықтық, кезекпе-кезек істейміз. Бірақ әлі уақыты нақтыланбаған. Ол жағын қаладан келетін басшылық шешеді. Өзіміз таңғы 9-дан жүрміз» дейді Еркежан Мақсұтханқызы.
[caption id="attachment_35966" align="alignnone" width="1024"] © Айтжан Мұрзанов.[/caption]
Оның мәлімдеуінше, олар шарты бойынша үйіне бармай, осы жерде қалып жұмыс істеуі тиіс. Сонымен қатар, қорғаныш киімдерін әр күн сайын тазалап, ауыстырады.
[caption id="attachment_35967" align="alignnone" width="1024"] © Айтжан Мұрзанов.[/caption]
– Адамның дене қызуын тексеріп алған соң, кірген-шыққанның әрқайсысына анкета толтырамыз. Қандай мақсатпен бара жатқаны, оның қайтып келетіні не келмейтіні нақтыланған құжаттамасын анықтаймыз. Жедел жағдайда ғана блокпосттан өткіземіз. Мысалы, ай-күні жақындап қалған ауыраяқ қыз-келіншектер, қалалық ауруханаға жолданғандар, – дейді ол.
[caption id="attachment_35968" align="alignnone" width="1024"] © Айтжан Мұрзанов.[/caption]
Егер адамның дене қызуы 37-ден жоғары болса, бірден стационарға жіберіледі. Бүгінде Қараөткел елді мекенде 20 мыңға жуық тұрғын бар. Инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ауылдағы дүкен мен дәріхананың барлығына дезинфекция жасалып жатты.