Қытайлық дәрігерлер Қарағандыға жетті
Қытайлық дәрігерлер Қарағандыға жетті
© Сурет ғаламтордан
226
оқылды
Бүгін қытайлық дәрігерлер Қарағанды қаласына кетті, шетелдік сарапшылар 19 сәуірге дейін сол жақта болады. ⠀ Қытай мамандары қарағандылық дәрігерлер мен медбикелерге COVID-19 алдын алу және бақылау бойынша онлайн тренингтер өткізеді. Жағдайы ауыр науқастарды емдеу тәжірибесімен бөліседі, медициналық ұйымдарда инфекцияның таралуына жол бермеу тәсілдерін, короновирусты диагностикалау әдістерін үйретеді. ⠀ Сондай-ақ, қытайлық сарапшылар Қарағанды медицина университетінің молекулярлық-генетикалық зертханасына барады, онда жұқпалы аурулардың молекулярлық және генетикалық эпидемиологиясы, оның ішінде коронавирустық инфекция мәселелерін талқылайды.