Бағалы балықты сатып дәніккендерге індет қауіпті болмай тұр. Алайда бекірені заңсыз аулап, ақшасын сытырлатып отыру екінің біріне бұйырмаған.
Полиция Департаменті қызметкерлері қаладағы үйлердің бірінің ауласындағы сарайдан жалпы салмағы 180 кг болатын 60 дана бекіре балықтары және "Нива" автокөлігінен 10 кг астам бекіре балықтары тәркіледі.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлағанындай, Күдікті екеу қалалық ПБ Уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Осы деректер бойынша ҚК-тің 339 –бабы «Жануарлардың сирек кездесетін, пайдалануға тиым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен заңсыз айналысу» сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
https://youtu.be/pAS5wqZS0rQ