18 сәуірден бастап Қарағанды облысында шектеу күшейеді
18 сәуірден бастап Қарағанды облысында шектеу күшейеді
© Сурет ғаламтордан
200
оқылды
Қарағанды облысында 18 сәуір күні сағат 00:00-ден бастап күшейтілген шектеу шаралары енгізіледі Шұғыл әрекет ету орталығының электрондық деректер базасына енгізілгендерді қоспағанда, адамдар мен автокөліктердің облыс аудандары мен қалаларынан тыс жерлерге шығуына (кіруіне) тыйым салынады. Облыстың барлық аудандары мен қалаларының арасында бақылау-өткізу бекеттері орнатылуы тиіс. Сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін карантиндік аймақта жеке автокөлікпен жүруге болмайды. Теміртау және Шахтинск қалаларында уақытша рұқсат берілетін азық-түлік, дәрі-дәрмектер және басқа да бірінші қажеттілік тауарларын жеткізетін курьерлерді қоспағанда, жеке автокөлікпен жүруге тыйым салынады. Барлық қалалар мен аудандардың тұрғындары төмендегілерді қоспағанда, қозғалысты толықтай шектеуі тиіс: 1️⃣ тұрғылықты жерінен жұмысқа дейін және кері қайту — жұмыс істеуге рұқсат етілген ұйымдардың қызметкерлеріне ғана. Бұл жағдайда олар электрондық деректер базасына енгізілуі тиіс; 2️⃣ тұратын жерінен бір жарым километрден аспайтын радиуста орналасқан дүкендерден және дәріханалардан азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар сатып алу; 3️⃣иттерді серуендету (радиус — 500 метр); 4️⃣банк операцияларын жасау; 5️⃣ шұғыл жағдайда медициналық мекемеге бару. 65 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шықпау ұсынылады. Барлық азық-түлік супермаркеттері, дүкендер мен базарлар сағат 22:00-ге дейін ғана жұмыс істеуі тиіс. Ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтай отырып, малды өріске шығаруға рұқсат бар. Облыстың діни қауымдарына барлық бұқаралық іс-шараларды кейінге қалдыру және мүмкіндігінше барлық діни мерекелерді онлайн режимінде өткізу ұсынылады. Барлық меншік түріндегі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қызметкерлердің жалақысы мен жұмыс орындарын сақтай отырып, мүмкіндігінше қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіруі қажет.