Біздің міндетіміз – ошақтарды анықтау: Денсаулық сақтау вице-министрі Алматыдағы COVID-19-дың динамикасына түсініктеме берді
Біздің міндетіміз – ошақтарды анықтау: Денсаулық сақтау вице-министрі Алматыдағы COVID-19-дың динамикасына түсініктеме берді
2,205
оқылды
Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров Алматыдағы коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жаңа жағдайларына түсініктеме берді. Адамдардың көп жиналатын жерлерін және халықпен тығыз байланыста болатын адамдарды белсенді түрде тексеру коронавирустың жаңа көздерінің көбеюіне әкеп соқты. «Біздің міндетіміз – қандай да бір статистиканы шектеуге тырысу емес, ошақты барынша анықтау. Міне, сол үшін бүгінгі күні өңір белсенді жұмыс істеген сайын статистика өсе түсетіні қисынды. Сондықтан бұл қалыпты жағдай», — деп түсіндірді Қ. Надыров. Бүгінгі күні Алматы қаласында әскери оқу орындары, емханалардың, стационарлық медициналық мекемелердің барлық қызметкерлері тексерілді. Жедел жәрдем және қабылдау бөлімінің қызметкерлері, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлері, банк және пошта қызметкерлері, полиция мен Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері, көпқабатты үйлердің аулаларына шақыруға келетін көшелерді патрульдеуші, қандай да бір дәрежеде халықпен байланысуға мәжбүр болғандардың барлығы тексеруден өтеді. «Стратегиялық тұрғыдан біз тәуекел тобында жұмыс істейтінімізді анықтадық. Біріншіден, бұл медициналық ұйымдардың қызметкерлері. Олар тестілеуден толығымен өтеді. Ол үшін барлық қажетті құралдар – тесттер, шығыс материалдары бар. Осы бағытта жұмыс жоспары жасалды», – деген спикер. «Статистика көрсеткішінің өсуі жағымсыз болатыны анық. Өкініштісі, біз әріптестеріміз немесе науқастар арасында жаңа инфекцияны анықтауымыз мүмкін. Бұл шаралар адамдар көп жиналатын ошақтарда симптомсыз науқастарды анықтауға және карантин мерзімін барынша азайтуға мүмкіндік береді», – деп қорытындылады сөзін спикер.