Білім беру саласында тағы бір онлайн-жоба іске қосылды
Білім беру саласында тағы бір онлайн-жоба іске қосылды
© сурет интернеттен алынды
264
оқылды
Елордалық білім басқармасы "Education Club Astana" деп аталатын жаңа жобаны қолға алды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Жоба әр жұма сайын сағат 15.00-де Білім басқармасының ресми @bilimastana инстаграм парақшасында тікелей эфирге шығады. "Education Club Astana" жобасының алғашқы қонағы Назарбаев Университетінің түлегі, 100 жаңа есім жобасының 2019 жылғы жеңімпазы, № 54 мектеп-лицейінің директоры - Сейсенбай Шәкәрім Толыбайұлы, - деп хабарлады білім басқармасы. Алғашқы эфирдің тақырыбы "Интернетте оқып жүр талай қазақ баласы" деп аталады. Эфир барысында қазіргі төтенше жағдай кезіндегі қашықтан оқыту жұмыстарына байланысты сауалдар қойылады. Эфир кезінде онлайн-аудитория өздерін толғандырып жүрген сауалдарды эфир қонағына жолдай алады.