Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары «Жастық челленджін» жалғастырды
Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары «Жастық челленджін» жалғастырды
azattyq-ruhy.kz
737
оқылды
Еуропада басталған жаңа челлендждің түрін қазақстандықтар да жаппай таратып жатыр. Instagram арқылы бір-біріне жолданған карантиндік флешмоб #pillowchallenge деген хэштегпен әлемді шарлап кетті. Оны алғаш болып Швеция тұрғыны, Фиро есімді қыз бастаған. Жастықты белдікпен байлап кеудесін жапқан жартылай жалаңаш фотолар бар-жоғы бірнеше күнде пабликтерді толтырды. Вирустық суреттер телевизия, спорт,  кино және эстрада жұлдыздарының да парақшаларында да қаптап кетті, - деп жазады azattyq-ruhy.kz. Жастықты кеудесіне байлағанда әдемі көйлек шығатынын көрсеткісі келген қазақстандық танымал адамдар арасында әнші Луина, актриса Алтынай Жолдыбаева бой көрсетті.  width= Ал ресейліктер арасында елге белгілі есімдердің арасынан тележүргізуші Ксения Бородина, спортшы Аделина Сотникова, украиналық теледива Леся Никитюк Pillow челленджді жалғастырды. Негізінен, қыздарға жарасатын бұл қылықты мәнерлеп сырғанаушы Алексей Ягудин де жасап көрген. Оның фотосуреті руснет кеңістігінде қазір қызу талқыланып жатыр.  width= Швециялық Instagram-блогердің бастамасын әлемде үш күн ішінде 30 мың адам қолдаған. Шоу-бизнес әлемінің ермегін қарапайым адамдардың да қайталап жатқанын көруге болады. Мемлекеттік қызметте жүрген отандастырымыздың арасында да Pillow challenge флешмобы қызығушылық тудырмай қоймады. Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасарына ұқсас адамның жатын бөлмеде кеудесіне жастық жауып түскен фотосуреті әлеуметтік желіде тарап жатыр. Фотосуреттегі Берік Әбілбеков пе деген сұрақты департаменттің баспасөз қызметіне жолдадық.  width= Суретте: Берік Әбілбеков, Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек желіде тарап жатқан азаматтың фотосуреті Берік Әбілбековке тиесілі екенін айтты. Бірақ лауазымды қызметтегі полиция өкілінің отбасылық мақсатта түсірілген фотосуреті қалай желіде тарап кеткенін анықтау үшін тексеру басталған.
«Қазіргі таңда Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасынының қызметкерлері қызметтік тексеруді бастап кетті. Алдын ала мәлімет бойынша бұл отбасылық сурет. Өзінің отбасы арасында тараған. Қазіргі таңда тексеру нәтижесінде шешім қабылданады деп ойлаймын», - дейді Салтанат Әзірбек.   
Айта кету керек, әлемде, соның ішінде Қазақстанда да төтенше жағдай кезеңінде уақытты тиімді өткізу үшін түрлі флешмобтар мен челлендж түрлері пайда болды. Кітап оқу, спорт жаттығуларын жасау, ән салу сияқты бастамалармен қатар, шашты алып тастау челленджі де жаппай қолдау тапты. Соңғысын көпшілік сулулық салондарының жұмысы тоқтағандықтан, осындай қадамға баруға мәжбүрміз деп түсіндіреді.