Сағынтаев қаладағы үйсіздерге 300 орындық қалашық жасалғанын айтты
Сағынтаев қаладағы үйсіздерге 300 орындық қалашық жасалғанын айтты
254
оқылды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада көшеде жүрген үйсіздерді қайда жібергенін айтты. «Тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларға қатысты сауалдар көп болды. Олар далада қалды, ешкімге керегі жоқ, тіпті қаланың сыртына шығарып жіберді деген қауесет те болды. Бұл мәселе біздің назардан тыс қалған жоқ. Біз олардың қозғалысын бақылап отырмыз», - деді Бақытжан Сағынтаев. Әкімнің айтуынша,оларға арнап шатыр құрылып, 300 орындық қалашық жасалды. «Оларға арнап кереует, төсек жай, киім-кешек, азық-түлік дайындалды. Айналасына блокпост қойдық. Жарықтандыру орнаттық. Осы адамдардың кейбірін қарттар үйіне орналастыруды ойластырып жатырмыз. Арасында жұмыс істеуге ниет білдіргендерді жұмыспен қамтудың жол картасына сәйкес қызметке қабылдап жатырмыз. Олар назардан тыс қалған жоқ», - деді әкім.