Кәмелет жасына толмаған қызды сатқан күдікті ұсталды
Кәмелет жасына толмаған қызды сатқан күдікті ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
296
оқылды
Түркістан облысында кәмелет жасына толмаған қызды саудаға салған, – деп хабарлайды AstanaTV. Жеңгетай жас қыздың жыныстық қызмет көрсету құнын да белгілеген. Хабарлама бойынша шұғыл іске кіріскен криминалдық полицейлер 25 жастағы азаматшаны Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы қонақүйде саудаласып тұрған жерінен ұстады. Полиция қызметкерлері күдіктіден айғақты зат ретінде миллион теңге ақшаны тәркіледі. Кәмелет жасына толмаған қыз болса, Шымкент қаласының тұрғыны әрі студент екені анықталып отыр. Бірақ оның жеңгетаймен туыстық байланысы бар ма, жоқ па ол жағы әзірге белгісіз.
Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Сұлтанбек Үсіпбеков: «Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК 134-бабы «кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту» бойынша қылмыстық іс қозғалып, аталған азаматша өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда қамауға алынды», – деді. 
Тергеу кезінде күдіктінің бұрын да осы жас қызды бірнеше рет жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынғаны анықталыпты. Ол жеңгетайлық келіссөздерді телефон арқылы жүргізіп, клиенттерге кәмелет жасына толмаған қыздың фотосын жіберіп жүрген.