Биыл пітір садақа мөлшері 370 теңге болып белгіленді
Биыл пітір садақа мөлшері 370 теңге болып белгіленді
Фото: muftyat.kz
421
оқылды
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Рамазан айы қарсаңында дәстүрлі Төралқа мәжілісі өтті, – деп жазады muftyat.kz. Онлайн режимде өткен мәжіліске наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, ҚМДБ бөлім меңгерушілері мен облыс және республикалық маңызы бар қалалардың бас имамдары қатысты. Жиында Рамазан айында берілетін підия, пітір садақасы мен зекет мөлшері белгіленді. ҚМДБ Төралқа мәжілісінің шешімімен биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге деп бекітілді. Пітір садақаның құны ұнның республика бойынша есептегенде нарықтық орташа бағасымен шығарылды. Ал материалдық жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен бергені абзал.