Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының хабарлауынша, кәсіпкерлерді жұмыссыздық және төтенше жағдайдан кейінгі халықты жұмыспен қамту мәселесі толғандырады.
Елімізде төтенше жағдай режимі жарияланғаннан кейін құрылған Ұлттық кәсіпкерлер палатасының шұғыл штабы экономика саласындағы істердің жай-күйін талдаумен, шағын және орта бизнес жұмысының шектеу режиміндегі салдарын азайту бойынша ұсыныстарды әзірлеумен айналысады.
Бұл штабқа кәсіпкерлер бизнесті одан әрі жүргізу мәселелерімен жүгінеді:
74%-ы жұмыспен қамту мәселелері туралы айтады;
54%-ы қызметкерлерді мерзімсіз демалысқа жіберу және қызметкерлерді толық емес жұмыс күніне ауыстыру қажеттілігі туралы айтады;
20%-ы қызметкерлердің санын қысқарту қажет деп санайды;
86%-ы қаржылық жағдайдың нашарлағанын көрсетеді;
59%-ы жалға алу ақысы бойынша туындаған мәселелер туралы хабарлайды;
22%-ы қызметкерлерге еңбекақы төлеуге мүмкіндіктің жоғы туралы;
5%-ы коммуналдық төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы айтып жатыр.
Өтініштерді талдау қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясының таралуына байланысты төтенше жағдайды барынша аз шығынмен еңсеруге көмектесетін шаралар бойынша ұсыныстар әзірленді.