Шымкентте экстремизмді насиxаттаған 157 сайт жабылды
Шымкентте экстремизмді насиxаттаған 157 сайт жабылды
© сурет интернеттен алынды
2,263
оқылды
Шымкент қаласында өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда қылмыстық жағдай 11 пайызға төмендеген. Былтыр алғашқы тоқсанда 4236 қылмыстық әрекет тіркелсе, биыл бұл сан 3773-ті көрсетіп тұр. Бұл туралы Шымкент қаласы прокуратурасының аппарат басшысы Р. Заурбеков айтты. Оның ішінде зорлау 7 пайызға, тонау 31, қорқытып алушылық 30, бұзақылық 33 пайызға төмендесе, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты іс 50 пайызға дейін азайған. Атап өтейік, жыл басынан бері аэропорт жер телімімен шектесетін және темір жол мен автомагистраль жолдары бойынан бірқатар жерді заңсыз беру деректері анықталған. Талап арыз негізінде 33 құжат экстремистік және террористік деп танылып, экстремизм мен терроризмді насихаттаған 157 сайт жабылған. Н. Назарбек.