Алматыда ең қажетті азық-түліктерге шекті баға қойылды
Алматыда ең қажетті азық-түліктерге шекті баға қойылды
© сурет интернеттен алынды
218
оқылды
Алматыда қала тұрғындарын азық-түлікпен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 7 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат тұрақтандыру қорынан толықтырылады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. «Қала халқының негізгі азық-түлік тауарларын тұтыну көлемін есепке ала отырып, жергілікті бюджеттен 7 млрд теңге тұрақтандыру қорын толықтыру үшін қарастырылған. Оның 5 млрд теңгесі биыл наурызда бөлінді», - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. Қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының хабарлауынша, әкімдік Отандық ірі тауар өндірушілерімен және сауда желілерімен келісімге келді. Келісім бойынша 3 ай ішінде тауардың 17 түрі үздіксіз тұрақты бағада жеткізілуі тиіс. Бұл айналма қаражат әрі қарай сатылуына қарай қажетті тауарларды сатып алу үшін қолданылатын болады. Осылайша, отандық азық-түлік тауарларын өндірушіден тікелей қаланың сауда сөрелеріне жеткізудің анық тізбегі жасалды. «Қала әкімдігі «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы әлеуметтік маңызы бар 12 түрі бойынша үш айлық қорды қалыптастыру үшін «Magnum Cash & Carry» ЖШС жеңілдікті қайтарымды займ бөлді. Несие алған кезде, сауда желісі тауарды нақты белгіленген бағамен өткізуге қатаң міндеттеледі»,- деді қалалық әкімдіктен.