Аталған шара жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуға бағытталған, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтанның жедел штабы өнеркәсіптік және индустриялдық кәсіпорындар, құрылыс компаниялары, ірі құрылыс дүкендері, ауылшаруашылығы саласында жұмыс істейтін ұйымдар мен жеке кәсірпкерлер, логистика саласындағы компаниялар, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар, автосалондар, автобөлшектер дүкендері мен ТҚС, азық-түлік дүкендері, химиялық тазалау және кір жуу, кеңсе техникасын жөндеу қызметін көрсететін мекемелердің жұмыс режимі бойынша нақты алгоритмді бекітті.
Алгоритмдерде карантин кезеңінде кәсіпорындар ұстануға міндетті нақты шаралар: жұмыс тәртібі, жұмысқа жеткізу және жұмыстан үйге жеткізу, нысанға кіруге рұқсат беру, жұмыс процессін ұйымдастыру, тамақтану және нысандардағы демалысты ұйымдастыру нақты көрсетілген.
Кәсіпорындар мен ұйымдарға жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және коронавирус инфекциясының таралуынын болдырмауға бағытталған санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің сақталуына қатаң талаптап қойылады.
Жұмысшылардың денсаулығы, олардың коронавирус инфекциясын жұтыру қаупі мен таралуына ұйымның меншік иесі мен басшысы жауап береді.
Карантин режимі кезеңіндегі Нұр-Сұлтандағы кәсіпорындардың жұмысының алгоритмімен тіркелген файлдан танысуға болады.
Кәсіпорындар жұмысының алгоритмі.pdf_