Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар туралы ақпарат
Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам анықталды.
2020 жылғы 17 сәуірде 48 және 49 жастағы Жітіқара қаласының тұрғындарында COVID-19 диагнозы расталды.
Ер адамның біреуінде карантинге алынған азаматтарды тексеру кезінде расталды. Екіншісінде бұған дейін вирусты жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болғаннан туындады.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем-шаралары жүргізіліп жатыр.
Жалпы 17.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 9 адам тіркелген.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.