Қарағандының жедел жәрдемі: вирус, ғимарат және үстемеақы
Қарағандының жедел жәрдемі: вирус, ғимарат және үстемеақы
220
оқылды
Қарағанды қаласында жедел жәрдем қызметкерлері тө­бесінен су ағып тұрған ғимаратта 24 сағат кезекшілік атқарған. Коро­навирус жұқ­тыр­ғандар саны қарқынды өсіп отырған қа­лада ақ халаттылар са­ни­­тарлық жағдайы сын көтермейтін ғи­­маратта тозығы жеткен ағаш төсекте тынығып, бірреттік қор­­­­ғаныс киім­дерін жуып киген. Октябрь ауданына қызмет көр­се­­тетін жедел жәрдем стансасы қыз­­меткерлеріне матрасқа жатып де­­малуға да мұрсат бермеген. Олар өз­­дері әр тақтайдың басын құрап тө­сек етіп, киімдерін жастанып, қа­бырғасы сыз бөлмеде қорғаныш киім­дерін жуып, далаға кептіріп отыр­ған. Олардың мүшкіл жайы ту­ра­лы қоғам белсендісі Ермек Әбіл­дин 10 сәуір күні Facebook па­рақ­шасында жазды. – Жедел-жәрдем қызметкер­ле­рі кезекшілік кезінде тозығы жет­кен бөлмеде демалуға мәжбүр. Олар­дың барлығында бірдей қор­ғаныш құралы жоқ. Вирусқа қар­сы киім 11 бригаданың тек үшеуіне ғана берілген. Оның өзін­де оларды жуып киюге мәж­бүр. Қалған бригадалардың қауіп­сіздігі ескерілмеген. Олар да ша­қыртуларға барады. Жүр­гізу­ші­лер­ге күніне бір ғана бетперде бе­ріледі екен. Ал бетпердені үш са­ғат сайын ауыстыруы тиіс, – дей­ді белсенді. Облыстық жедел жәрдем қыз­ме­ті әлеуметтік желіде жария­лан­ған суреттеріне орай өз жауабын бер­ді. – Қарағанды қаласында ко­ро­навирус инфекциясымен күрес бойынша төтенше жағдай және эпи­демияға қарсы іс-шараларға бай­­­ланысты «Облыстық жедел жәр­дем медициналық көмек» КМК әкімшілігі нормативтік ак­тілерге сәйкес кәсіпорынның қо­сал­қы стансаларында эпидемияға қар­сы шектеу іс-шараларын жүр­гізу туралы шешім қабылдады. Бет­­­пер­делік режим, ғимараттарды де­зинфекциялық өңдеу, кварцтау, желдету жүргізіледі. Осы іс-ша­ра­ларды қамтамасыз ету үшін бөл­­­мелерден бөгде заттар, оның ішін­де персоналдың демалу бөлмесінен мат­растар алынып тасталды. Су­рет­те Октябрь ауданында ескі ғи­­­­маратта орналасқан Қарағанды қа­­ласының екінші қосалқы стан­сасының бөлмесі ұсынылған. Қо­салқы стансаның аумағында жыл сайын ағымдағы жөндеу жүр­гізіледі, биыл да жөндеу жүр­гізілетін болады, – деп хабарлады об­лыстық 103 қызметі. Стансаның суретін көрген қа­рағандылықтар тазалық сақ­тал­маған жерде киім ауыстыратын дәрігерлердің өздері вирусты өр­шіт­пей ме деп күмән келтірді. Әлеу­меттік желідегі резонанс об­лыс билігінен таса қалмады. Бір аптаның ішінде облыстық Ден­саулық сақтау басқармасы же­­дел жәрдем стансасын шұғыл бас­қа ғимаратқа ауыстырды. Бе­ріл­ген ғимарат жайлы төсекпен қам­тылды. – Бұл – уақытша қоныстандыру. Бос тұрған ғимарат медициналық ұйымның бірінің балансында тұр. Мұнда санитарлық нормаларға сәй­кес келетін жеке кіру және шығу жолдары бар. Дәрігерлерге тұ­рақты ғимарат бір жылдан кейін бе­ріледі. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағ­дар­ла­масы бойынша жаңа қосалқы стан­салар құрылысының екі жо­ба­сы әзірленді. Шартты түрде Ок­тябрь ауданы шақыруларға жедел қыз­мет көрсету үшін екі бөлікке бө­лінеді», — дейді Денсаулық сақ­тау басқармасы өкілдері. Қазір жедел жәрдем қыз­мет­керлері бетпердемен, қолғаппен, ви­рус­қа қарсы костюмдермен, де­зинфекциялау құралдарымен то­лық қамтамасыз етілді. Осыдан үш күн бұрын станса қыз­­меткерлері әлеуметтік же­лі­де та­ғы наразылық білдір­ді. Май­құдықта орналасқан стан­са­да­ғы 11 бригаданың тек үшеуі ға­на коронавирус жұқтыру қаупіне бай­ланысты үстемеақыға іліккен. 30 наурызда би­лік эпидемияға қарсы іс-ша­ра­ларға қатысатын ме­дицина қыз­меткерлерін ынта­лан­дыруды қол­ға алды. Еңбекақы тө­лемі 212 мың­нан 850 мың теңгеге дейін құ­ралады. Үстемеақының мөл­шері тәуе­кел дәрежесіне бай­ланысты.    width= Қарағандылық жедел жәр­дем қызметкерлері үсте­меа­қы­лар­дың былай бөлінуіне наразы. Дә­рі­гер­лер мен фельдшерлер, жүр­гізу­шілер ақша бөлу тәртібін қайта қа­­рауды ұсынды. – Қазақстан Үкіметі эпиде­мия­ға қарсы іс-шараларға қатысу­шы медицина қызметкерлерінің еңбекақысына үстемеақы мөлше­рін бекітті. Олар коронавирусты жұқ­тыру қаупін үш топқа бөлді, «өте жоғары тәуекел», «жоғары тәуе­кел» және «орташа тәуекел». Же­дел жәрдем дәрігерлері екінші топ­қа, жүргізушілер үшінші топқа жа­тады. Алайда үстемеақыны ко­ронавирусқа қарсы күреске тар­тылған санаулы қызметкер ғана ал­ды, – делінген бейнежазбада. Қарағандының Октябрь ауда­нын­да орналасқан бұл жедел жәр­дем стансасында 11 бригада жұ­мыс істейді, оның ішінде 3 ар­­найы бригада COVID-19 коро­на­вирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған. Денсаулық сақтау ми­нистрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі бұйрығына сәйкес осы үшеуі ғана жа­лақысына үстемеақы қосы­ла­тын тізімге енгізілген. Президент Қ.Тоқаев барлық ме­дициналық қызметкердің ерен ең­бегін атап өтіп, Үкіметке және жер­гілікті әкімдерге уақытылы жә­не тиісті материалдық көмек көр­сетуді тапсырды. Ал тиісті тізімге қан­дай жедел жәрдем бригадалары енгізілетінін денсаулық сақтау ұйы­мының басшысы анықтайды. Бұл жағдай сыбайлас жемқорлық тәуе­келдерінің туындауына әкеліп со­ғады деп шағымданды наразы топ. – Олардың жауабы бізді қа­на­ғаттандырмады. Бұл ретте, ко­ро­навирус жұқтырған науқасқа қан­ша сағат бөлдік, сол үшін ғана тө­­­ленбек. Егер вирус осындай қауіп­ті болса, онда мұндай әңгіме мүл­дем болмауы керек. Біз тәуекел ай­мағындағы мамандармыз. Он­да коронавирусқа баратын ар­найы бригада бізден бөлек ор­­­­­­­­налассын. Ал егер біз өз жа­қын­­­дарымызға жұқтырсақ, не бол­­мақ? Инкубациялық кезең 14 күнге созылады және кімнен  кім жұқтыратынын біл­мей­сің. Сондай-ақ адамдар же­дел жәр­дем шақырған кезде симп­том­дар туралы нақты айтпайды. Аз жалақыға жұмыс істейтін, несиелері басынан асатын қыз­мет­­­­керлер де қосымша ақы үшін осындай шақыртуларға баруға дайын. Осы арнайы бригадаға қо­сылғым келмейді, бірақ қажет болса барамын, – дейді жедел-жәр­­дем қызметкері Береке Жұмаділов. Наурыз айында Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың бі­рінші жағдайын тіркей бастағанда, же­дел жәрдем қызметі барлық ша­қыртуға бірдей жіберілген. Тек 4 сәуірден бастап қана симптомы бар науқастарға баратын арнайы бри­гада жасақталып, олар вирусқа қар­­сы киімдермен қамтылды. Осы наразылықтан кейін облыс­тық 103 қызметі барлық ниет біл­­­­дірген маманды арнайы бри­га­даға кезекпен қосуға шешім қа­­­­­былдады. – Жедел медициналық жәр­дем қызметкерлері аталған бри­га­даның құрамына барлығы бір­дей қатысуға ниет білдірді. Олар ар­найы бригаданың жұмыс кес­те­сіне кезекпен енгізіледі, – деді об­лыстық жедел медициналық жәр­­­­дем стансасы. Облыс әкімі Жеңіс Қасым­бек­т­ің араласуымен Қарағанды қа­ласындағы барлық жедел жәр­дем бригадасы COVID-19 коро­на­вирусымен күрес аясында үсте­меақыға ілінді. Тәуекел то­бына кір­меген қызметкерлер са­­­на­тын­а үстемеақы беру үшін об­лыс­тық бюджет қаражатынан жал­пы сомасы 69 миллион теңге бө­лінді. Жедел медициналық кө­мек жүргізушілеріне 1 төменгі ай­лық жалақы, ал фельдшерлер мен диспетчерлерге 2 төменгі ай­лық жалақы ретінде үстеме қарастырылды. Әлемді шарлаған қауіпті вирус отандық медицинаның күтпеген жағ­дайға дайын емес екенін көр­­сетті. Бір Қарағандының өзінде ме­дицина қызметкерлерінің жұ­пыны жағдайда жұмыс істейтіні, жалақысының мардымсыз екені байқалып отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда ко­ро­навирусты жұқтырудың 1 498 жағ­дайы тіркелген. 285 адам ем­де­ліп, 17 адам қайтыс болды. Жұқ­­­тырғандардың 20 пайызы не­месе 234 адам – денсаулық сақтау қыз­меткерлері. Оның төртеуі Қа­ра­ғанды облысында анықталды.    width=   Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА, Қарағанды облысы