Оңтүстік Кореяда коронавирустан жазылып шыққандар дертке қайта шалдығып жатыр  
Оңтүстік Кореяда коронавирустан жазылып шыққандар дертке қайта шалдығып жатыр   
Фото: Интернеттен алынды
320
оқылды
   Оңтүстік Кореяда коронавирустан жазылып шыққан 141 адамнан дерт қайта анықталды. Жағдайға байланысты тескеру жүріп жатыр, – деп хабарлайды «Хабар 24».   Бұған дейін сарапшылар аурудан емделіп шыққан науқастың дертке қайта шалдығуы екіталай деп келген еді. Мамандар бұған бірнеше мәселе себеп болуы мүмкін екенін айтады. Мысалы, науқастың ағзасындағы вирус уақытша белсенділігін жоғалтып, тексеру кезінде дерт анықталмай қалған немесе қателік тестілеу аппаратынан кеткен. Оңтүстік Кореяда COVID-19-ды жұқтырғандардың саны 10 мыңнан асқан. Олардың 6 мыңға жуығы жазылып шықты. Дерттен 230 адам көз жұмды.