Коронавирус инфекциясы табылған 7 азамат та Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін Батыс Қазақстан облысының тұрғындары.
Олардың ішіндегі ең жасы 20 жаста болса, ең үлкені 47 жаста. «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар қашықтық термометрия арқылы тексеру және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулығына шағымы болмаған. Алгоритмге сәйкес, жедел жәрдем шақырылып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысына сәйкес 7 адамда да COVID-19 диагнозы нақтыланды. Бұдан кейін барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды, жағдайлары қанағаттанарлық. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 46 адам анықталды.