Nur Otan партиясы Әлнұр Ильяшевтің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Nur Otan партиясы Әлнұр Ильяшевтің ұсталуына қатысты пікір білдірді
© hhcpa.com
290
оқылды
Әлнұр Ильяшевтің ұсталуы Nur Otan партиясымен байланысты емес, – деп мәлімдеді партияның хатшысы Арман Қырықбаев. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. "Әлнұр Ильяшевті жақында құқық қорғау органдары ұстады. Ол "Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты" деген күдікке ілінген. Әзірге оқиғаның мән-жайы белгісіз.  Кейбір "белсенділер" Ильяшевтің ұсталуын Nur Otan партиясымен байланыстырып жатыр. Алайда бұл олай емес", - деп жазды Арман Қырықбаев. Партия хатшысының айтуынша, өткен жылы қараша айында Жетісу аудандық соты "Белсенділер Закирова, Ильяшев және Тұрымбетов желіде Nur Otan партиясы «Наше право» партиясын құруға кедергі келтірді деген шындыққа жанаспайтын ақпарат таратты» деп танып, бұл жазбаларын жоққа шығаруды талап еткен. Бұдан бөлек, үш белсендінің әрқайсысына 1,5 миллион теңге айыппұл салған еді. "Коронавирус басталып, төтенше жағдай жарияланған тұста партия үшін бұл мәселе маңызды емес. Карантин кезінде Nur Otan партиясы мұқтаж жандарға көмек көрсетумен айналысып жатыр. Ильяшевке қатысты сот және құқық қорғау органдарына партия атынан қандай да бір шағым түскен жоқ", - деп аяқтады сөзін партия хатшысы.