Қарқаралы мен Ұлытау аэродромдарының құрылысы қолға алынады
Қарқаралы мен Ұлытау аэродромдарының құрылысы қолға алынады
492
оқылды
Қарқаралы мен Ұлытау аэродромдарының құрлысы өңірдегі туризмді дамыту үшін қажет. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Жобаларды іске асыру 2022-2023 жылдары белгіленіп отыр. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбек селекторлық режимде өткен аппараттық кеңес барысында мәлімдеді. Қарағанды Сондай-ақ Қарағанды облысында автомобиль жолдарын жөндеу жалғасады. 2020 жылға 32 жоба жоспарланған, оларды іске асыру арқылы 1500 адам жұмыспен қамтылады. Елдегі төтенше жағдай және облыстағы карантин шеңберіндегі шектеу шараларына қарамастан, тұрғын үй құрылысы және жолдарды жөндеу бойынша жоспарлар жүзеге асады. 2025 жылға қарай облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95%-ға дейін жеткізіледі. Екінші бесжылдық аясында облыстық және аудандық маңызы бар 3 000 шақырымнан астам автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстары өткізіледі. Бұл шамамен 7 500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. – 2020 жылы 32 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, оның ішінде 20 учаскеге орташа жөндеу, бір жолға күрделі жөндеу, сондай-ақ жеті жол мен төрт көпірді қайта жаңарту жоспарлануда, - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтонов. Оның айтуынша, биылғы жылы облыстық және аудандық маңызы бар 533 шақырым автожол жөндеуден өтеді. Барлық жол нысандарында 1 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Жыл қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдар көрсеткіші 84%-ға дейін артуы тиіс. Күрделі жөндеу Қарағанды-Саран-Шахтинск автомобиль жолының ұзындығының 19 шақырым учаскесінде жалғасады. Орташа жөндеумен жалпы ұзындығы 354 шақырым 14 учаске қамтылады. Новодолинка - Шахан - Молодецкое, Осакаровка - Молодежное, Қаражал - Атасу, Абай - Қарабас – Жартас - Долинка, Киевка - Шахтер - Пржевальское, Қарағанды - Үштөбе – Құрылыс жолдары бойынша учаскелер қайта жаңартылады.

Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы