20 сәуір күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша WTI маркалы мұнайдың бағасы төмендеді, – деп жазады ВВС.
Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,5 долларға немесе 5,3%-ға төмендеп, баррелі 26,58 долларға дейін түсті.
WTI маркалы мұнай бағасы 9,43 долларға немесе 51,6%-ға арзандап, баррелі 8,84 долларға түсті.
Bloomberg-тің хабарлауынша, Мәскеу уақытымен 20:50-де WTI маркалы мұнайдың баррелі 0,9 долларға түсті. Ал 20:56-да рекордтық көрсеткішке төмендеп 0,01 долларға жетті.