Пара алған полицей ұсталды
Пара алған полицей ұсталды
210
оқылды
Қызылордада Полиция департаментінің пара алған қызметкері құрықталды. Облыстық Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері арасында жемқорлықты болдырмау және заңдылықты сақтау бағытында кешенді жұмыстар жүргізген. Аталған шара барысында департаменттің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі пара алғаны үшін қамауға алынды.  – Бүгінгі таңда оған қатысты  Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша (пара алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тексеру кезінде күдіктінің жасаған іс-әрекетіне сәйкес заңда белгіленген тәртіппен тиісті құқықтық баға беріледі. Әзірге өзге ақпараттар жарияланбайды. Полицияда атына кір келтірмейтін, адал және жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын қыз­меткерлер жұмыс істеуі тиіс, – деп атап өтті Қызыл­орда облысы Полиция департаментінің басшысы Бектөре Сұлтан. Бұдан бұрын Қызылордада есірткі саудасымен айналысқан тағы бір учаскелік полицей қолға түскен болатын.  

Шұғыла БАҚЫТ