Рамазан айында Мекке мен Медина ашыла ма?
Рамазан айында Мекке мен Медина ашыла ма?
Фото: Интернеттен алынды
405
оқылды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қасиетті Рамазан айында мұсылман қауымы ауызашарды үйде өткізуге шақырды. Туыстарымен онлайн режимде немесе бейнебайланыс арқылы өткізуі керек деп кеңес берді, – деп жазады 24.kz. Ұйым пандемия кезіндегі оразаға қатысты осындай мәлімдеме жасады. Өзін жайсыз сезінгендер, 65 жастан асқандар адам көп шоғырланатын жерлерге бармауы керек. Қалған жағдайда, бір метр қашықтықты сақтап, ишара арқылы, яғни бас изеп, қол көтеріп немесе қолды жүрекке қою арқылы амандасуы қажет. Ауыз бекіту кезінде адамдардың иммунитеті әлсіреуі мүмкін. Сондықтан, денсаулық сақтау ұйымы рационға көкөніс пен жеміс-жидекті қосып, сұйықтықты көп ішуді ұсынды. Темекі сынды, зиянды әдеттен арылуға шақырды. Ораза айында онсызда организм әлсірейді. Ал қауіпті коронавирус дәл осындай иммунитеті әлсіз адамдарға жұғатынын ұмытпау керектігін айтты.
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш: «Қазір христандар Пасханы, еврейлер Песахты тойлап жатыр. Жақын күндері мұсылмандардың Рамазан айы да басталады. Бұл орайда барлық дін өкілдерін бірігіп, алдымен қауіпсіздік шараларына мұқият болуға шақырамын.  Иә, бұл мерекелерде жақындар жиналып, сағынышын басады. Бірге тамақтанады. Түрлі кештер ұйымдастырады. Дегенмен, биыл пандемия жағдайында өткендіктен, барлық ұсынылған нұсаулықты орындауға шақырамын», – деді.
Ал Мекке мен Медина да Рамазан айында жабық күйінде қалады. Екеуі де 20 наурызда коронавирустың жаппай таралуына байланысты жабылған еді. Содан бері қажылыққа келуге рұқсат жоқ, мешіттер бос тұр. Сауд Арабиясының билігі тұрғындарды, бес уақыт және тарауих намазын ораза күндері де үйде оқуға шақырды. Елде тек Азан шақыруға рұқсат етілген.