Әзербайжанда пандемияның таралауы тоқтаса да оқушылар қашықтан білім алуды жалғастыра береді.
Сабақтар онлайн өтеді. Оқушылар мұғаліммен месенджерлер арқылы байланыс жасайды, – деп жазады 24.kz. Елдегі сарапшылар қашықтан оқу пандемиядан кейін де жалғаса беретінін айтады.
Сарапшы Кямран Асадов: «Бұл тәжірибе қыркүйек айына дейін, тіпті мектептер ашылғаннан кейін де жалғаса береді деп ойлаймын. Онлайн сабақтар, негізінен, ерікті түрде өткізіледі. Заң тарапынан ешқандай мәжбүрлеу жоқ. Елдегі жоғары оқу орындары да қашықтан оқып жатыр. Ел бойынша оқушылардың біраз бөлігін оқу бағдарламасымен қамту үшін күн сайын жергілікті телеарналар арқылы телесабақтар да өткізіліп жүр.