Бекзат Алтынбеков: Мешкей – жақсы ат емес

Бекзат Алтынбеков: Мешкей – жақсы ат емес

Адамды кейде қарапайым қағидасы, адами болмысы, азаматтық көзқарасы бөлектеп тұрады. Оның бойында бәрі бар: білім, білік, парасат, кәсібилік жетеді. Бастысы, нені қалады, неге қол жеткізгісі келді, нені мақсат тұтты, соның бәріне там-тұмдап болса да, қол жеткізіп келеді. Біз білетін Алтынбеков – турашыл жан. Ал біз білмейтін Алтынбеков – қандай адам? Сенбілік сұхбаттың бүгінгі кейіпкерінен білгіміз келгені де – осы.


Бала қалауына ерік беріп көрдік пе?

– Қоғамда ең өзекті болып тұр­ған мәселенің бірі – білім. Бұл са­лаға кім келсе де, өз реформасын жа­сауға тырысатыны бар. Білімнің ауы­лы сізге де алыс емес. Дегенмен мұ­ғалімнің мәртебесін түсіріп ал­ғанымыз рас. Біз бұл саланы неге ақ­сатып алдық?

– Адам мұғалім болып қал­ып­тас­пайды, мұғалім болып туады. Ме­нің негізгі мамандығым – мұ­ға­лім. Сол себепті де болар, ба­ла­ны да, осы мамандықты да ерекше жақ­сы көремін. Шәкірттерім ме­ні ерекше құрметтейді, қастер­лей­ді. Қаншалықты қатал мұғалім бол­сам, соншалықты жүрегім жұм­сақ. Жалпы, кез келген педа­гогқа қаталдық та, жұмсақтық та қа­жет. Онсыз тағы болмайды. Та­ғы бір дүние, бүгінгі заман бас­қа. Балалардың психологиясы да мүлдем бөлек. Олар кез келген дү­ниеге талдау жасай алады. Әрі мұ­ғалімнің деңгейін де оп-оңай анықтайды. Мұғалім мәртебесінің төмендеуіне келер болсақ, кәсіби деңгейі төмен әріптестерімнің кі­нәсі болар деп есептеймін. Жақ­сы педагог қай заманда да өзі­нің қадір-қасиетін түсірген емес. Олар азаматтық болмысын, кә­сіби деңгейін шәкіртке де мойындата алады. Дегенмен өт­кен жылы Елбасы өз Жолдауында мұғалім статусын анықтау туралы заң қабылдау қажетін бекер айт­қан жоқ. Бұл заң қабылданса, мұ­ғалімнің бағыт-бағдарын ай­қындап берер еді. Оның басқа ма­мандықтардан айырмасы, сегіз са­ғат жұмыс істеп, қалған он са­ғатын отбасына арнай алады, ал мұ­ғалімге барша ғұмырын қоғам­дағы тәрбие жұмысына, білімге ар­науына тура келеді.

– «Мұғалімнің кәсіби деңгейі не­ге төмендеді?» деген сауалға жауап іздеп көрсеңіз, қазір ҰБТ-дан төмен балл жинаған баланың дені осы салаға баруға тырысады. Ма­мандығын жан-тәнімен қала­ма­ған, «еріксіз» таңдау жасаған тә­лімгерден жақсы маман шығады деп ойлайсыз ба?

– Бұл сауалға нақты жауап бе­ру үшін арнайы талдау жасап көрейікші. Қазір көп мамандықты бала таңдап тұрған жоқ. Ба­ла­сы­ның қандай маман болатынын ата-анасы шешеді. Мұның бәрі – баланың қалауынсыз жүзеге аса­тын дүние. Бұрын мұғалім бол­ғысы келетіндер бір орынға бес адам болып таласатын еді. Ол кезеңде мұғалімдік – ең қастерлі мамандықтың бірі еді. Біз осы қа­сиеттен айырылып қалдық.

 

Салмақтың бәрін әйел затына артып қойдық

– Дегенмен жүрек қалауыңыз мұ­ғалімдік емес, журналистика бол­ғаны рас қой. Сіз де бұл кәсіпке амал­сыз келген сияқтысыз. Солай ма?

– Әуелде журналист болсам де­ген арманмен оқуға құжат тап­сырғанда, бір орынға 20 адам та­ластық. Бірінші – шығармашылық байқаудан өткізеді, екінші – ем­тиханға жібереді. Екеуінен де сү­рінбей өткен адам журналист бо­ла алады. Журналистика фа­куль­тетіне екі рет барып, оқуға түсе алмадым. Бірақ бұл саладан алыс кете алған жоқпын. Тілші бо­лып қызмет атқару – маңдайы­ма жазылған бақ. Облыстық теле-радио саласында жұмыс істедім. Ал тарих пәнінің мұғалімі болуы­ма не себеп болды? Бұл маман­дық­ты таңдау оңай болған жоқ. Жур­налист бола алмаған соң, жүре­гімнің түкпірінде жүрген, өзім қызығатын дүниенің бірі – та­рих. Осы салаға тәуекел еткім кел­ді. Біз құжат тапсырған жылы бір орынға бес адам таласатын еді. Шын талаптылар ғана сол орынға ілігетін. Қазір сол факультетті қа­тар бітірген қатарласымның бә­рі де осы салада жұлдызы жа­нып, кәсібіне адалдық танытып жүр. Сол үшін де мұғалім болғысы кел­ген баланы мектеп кезінен тәр­биелегеніміз дұрыс. Кәсіпті сүю – мектептен басталады. Бай­қа­саңыз, мектеп оқушылары арасында физика-математика, инженерия саласы бойынша бай­қау көп. Мұғалім маман­ды­ғына ар­налған байқау көрдіңіз бе? Жоқ­тың қасы. Мұны «екінші сорт» санап алғанбыз. Біздің қо­ғам бұған бет бұрып тұрған жоқ. Білім және ғылым министрлігі де мұны ескеріп отырған жоқ. Сол се­бепті де, «кез келген мұғалім бо­ла алады» деген қағида қалып­та­сып кетті. Бұл – ащы болса да шын­дық. Кәсібін өзі дұрыс біл­мейтін адам баланы қайтып тәр­биелейді? Қазір ауылға барсақ, пе­дагогиканың не екенін біл­мей­тін, оның әдіс-тәсілін меңгер­ме­ген азаматтар сабақ беріп жүр. Ке­зінде қалай еді? Шәкірт үшін мұғалім әулиемен бірдей болатын. Біздің бала кезде мұғалім әкімнен де қадірлі еді. Қазір бәрі керісінше болып кетті. Бұл саладағы олқы­лық­тарды бүгін шешпесек, ал­дағы үш-төрт жылда педагогтар­дан тапшылық көрейін деп отыр­мыз. Өйткені білікті мамандардың көпшілігі зейнет жасына жетіп қал­ды. Ертең олардың орнын ал­мастыратын жақсы педагог таба ала­мыз ба?

– Мектепте ер мұғалімдердің үле­сі аз, тіпті жоққа тән. Педа­гог­тар­дың дені – әйел заты. Ер баланы мұғалім болуың керек деп, қинай ал­майтынымыз тағы бар. Мұны қа­лай реттейміз?

– Баланы қазір кім тәрбиелеп отыр? Ана. Мектепте де, үйде де, түз­де де – сол. Жалғызбасты ана­лар­дың көбейгені – ащы шындық. Ажырасу көбейген тұста әйел за­ты тәрбие бермесін деп, тағы тыйым сала алмайсың. Майыс­қақ, әлжуаз, намыссыз ұлдары­мыз­дың көбеюі, қоғамның әлсі­реуі – әйел мұғалімдердің көбеюі­не байланысты емес дер едім. Ке­зінде де мектепте мұғалім апа­­­­мыз көп болды. Біз солардан тәлім-тәрбие алдық. Өстік, өндік. Дәл содан жасық, әлжуаз, намыс­сыз болып кеткен жоқпыз.

– Сіз айтқан әлжуаз, жасық, на­мыссыз ұлдың көбеюіне кім кі­нәлі?

– Бұл – қоғамның дерті. Ең ал­дымен, ер азаматтар кінәлі. Сал­мақтың бәрін әйел затына ар­тып қойдық. Жауапкершіліктен қашатын болдық. Бұрын қалай еді: «әкеңе бар, әкеңнен сұра, әкең шешсін» дейтін. Қазір мұ­ның бәрін әйел реттейтін болып алды. Қыздың абыройын ойлай­тын халық едік. Қыздың абыройы – ата-ананың абыройы. Ата-ана­ның абыройы – елдің абыройы. Біз осыдан алшақтап кеттік. Тағы бір мәселе – ержетіп келе жатқан ұл­мен сырласа бермейміз. Кез кел­ген баланың анасына айта бермейтін сыры болады. Оны тек әкесімен сөйлескенде ақтаруы мүмкін. Әке баласын оңашалап алып, жиі сырласып, әңгімелесіп отырса, бұл мәселенің жөнін та­буға болады. Баласымен сыр­ла­сатын әке қалды ма? Жалғызбасты ананың қолында тәрбие алып жат­қан бала кіммен сөйлеседі, кімге сырын айтады? Қоғамның жү­гін әйелдің иығына артып қой­дық. Содан барып, жасық, әлжуаз ұрпақты тәрбиелеп шығардық.


Қысқа да нұсқа

Сізді тығырықтан алып шығатын не нәрсе?
– Қиындық мені көп шыңдай­ды.
– Досыңыз сатқан кезі болды ма?
– Өмірде досым көп емес. 
– Досқа сенбейсіз бе?
– Сырласатын досыңнан сый­ласатын адамың көп болсын.
– Өмірден іздегеніңізді тап­тыңыз ба?
– Жоспарым – анық, мақ­са­тым – айқын. Сондықтан іздеге­нім табылды деп ойлаймын.
– Шенеунік болғыңыз келе ме?
– Отызға дейін осындай ар­ман болған. Қазіргі елдің Бекзаты деген атым қадірлірек.
Елді айырбастап, кете аласыз ба?
– Ол мүмкін емес секілді.   


Қазір қоғам «көрсеткішке» жұмыс істейді 


– Жүрек қалауынсыз таңдаған ма­мандық биікке апармайды. Бала өз таңдауын жасау үшін не істеу ке­рек? 

– Меніңше, кез келген бала мек­тепті бітірген соң, екі жыл ең­бек еткені жөн. Бұрын оқуға тап­сыру үшін екі жылдық тә­жіри­бе қажет болатын. Сол екі жыл ішінде өзіне не қажет екенін анықтай алады. Мұның бәрі бізде болған: осы құндылықтардан айы­рылып қалдық. Қазір жо­ғалтқанымызды іздеп жүрген ұлт­пыз. Өзін-өзі іздеген адамдар кө­бейді. Кім екенін, нені қалай­тынын білмейтін ұрпақ көп. Оған кім кінәлі? Ең алдымен, қоғам. Ке­зінде еңбекке баулу дейтін са­бақ жүретін. Қазір мұның сағатын қысқартып тастады. Осы сабақта бала нені қалайды, сонымен ай­на­лысатын. Әрі сол арқылы өзіне не қажет екенін анықтауы мүм­кін­дік туатын еді. Бұл – бір. Екін­шіден, мұғалімді де, оқушыны да шаршатқан дүние – реформа. Жыл сайын өзгеріске ұшырап оты­ратын реформалар білім са­ласының ақсауына әкеліп соқты. Бала мұғалімдіктен неге қашады? Өйткені қағазбастылық көп. Үшін­шіден, интернетке тәуелді етіп қойдық. Білім саласында ашық­тық қажет деп, «күнделікті» ойлап таптық. Мұғалім тәрбие бе­ре ме, қағазға телміре ме? Қазір қо­ғам «көрсеткішке» жұмыс іс­тей­ді. 

– Соңғы кездері білімді бала­лар­ды іздеп, жиі қамқорлық көрсе­тіп жүрсіз. Үмітіңізді ақтаған шә­кірт көп пе? 

– Балаға шәкіртақы тағайын­дау үрдісі ауылымнан басталды. Ауылға барсаңыз, білікті дәрігер жоқ, қажет маман тапшы. Сол үшін Медицина академиясында оқи­тын студенттердің ақшасын тө­леуден бастадым. Ондағы шар­тым – академияны бітірген соң, бі­лік­ті маман болып, елге оралу. Олар­дың өзі ауылдың қиын тір­лігіне, ауыр тұрмысына көндіге ал­май жатады. Бір жаманы – ауыл­ға барған маманды ұстап та қалмайды. Ауылда оқып жатқан үздік балаларды қолдағанды жақ­сы көремін. Осы балалардың іші­нен біреуі оза шауып шықса, ме­нің үмітімнің ақталғаны. Білім са­ласына қолдау көрсетіп келе жат­қаныма – 20 жылдай болды. Бастысы, шәкірт кезінде қам­қор­лық көрген бала ертең өзі де өз­геге қамқорлық танытатын бо­лады. Бір баланың көкірегіне үміт отын ұялатсам, сәуле құйсам, ұтар едім. 

  

Жүз қызметкердің тағдыры – менің тағдырым 


– Жастық шақта адам қателік­ке ұрынады, тіпті адасатын кезі де бо­лады. Кей қателіктен адам сабақ ала­ды, кей қателік тіпті өкінішке соқ­тырады. Пендені адасудан сақ­тайтын не нәрсе? 

– Қызық, кезінде «мектепті жел­кемнің шұқыры көрсін» деп айтқанның біреуі мен едім. «Ат бір баспайын деген жерін мың ба­сады» демей ме? Ақыры сол мек­тепке Алла мені қайта апарды. Өмірімдегі ең керемет, жақсы кездерім мектепте өтіпті. Жан-тәнімен еңбек ететін мұғалім көп еді. Қазір ондай ісіне берілген ма­мандар өте аз. Өзін тани алмай жүр­ген мұғалім өзгені қайтып та­ниды? Баланың бойындағы қа­білетті тани білетін жан көп еді. Сол себепті де, жастық шағымда қа­телесулер, адасулар болды деп айта алмаймын. Бағыма қарай өмір жолымда жақсы адам көп кез­десті. Жақсылық жасағандар да жетерлік. Соның арқасында бі­реуге қолымнан келгенше кө­мек беруге, қамқорлық танытуға тырысып отырамын. Елордадағы №76 мектепке жиі қамқорлық көр­сетіп келемін. Мектептегі бес­тігі көп балаларға сыйлық беріп отырамын. Биылдан бастап, сол сыйлықтың атын «Әлихан Бөкей­ханов атындағы шәкіртақы» деп өзгертейік деп, директорға ұсы­ныс жасадым. 

– Құпия болмаса, қанша теңге бе­ресіз? 

– Жылына бір рет бір балаға аз дегенде, 30-50 мың теңге беріп оты­рамын. Бұл – көп ақша емес. Бі­рақ баланың сол ақшаға өзіне бір көйлегін сатып алу мүмкін­дігі туады.  

– Кәсіптік колледж ашу – та­быс көзі ме, әлде басқа бір себебі бол­ды ма?

– Қазір балалардың дені – жо­ғары оқу орнына тапсыруға ұм­ты­ла­ды. Кәсіп істеу үшін, ең ал­ды­мен, балаға кәсіптік білім ке­рек. Сол үшін де баланың қабіле­тін анықтау үшін колледжде оқыт­қан тиімді. Қонақүй, мей­рам­­ханамды жауып, кәсіптік бі­лім беретін колледж ашуға бел ше­ше кіріскенім – сондықтан. Ой еңбегі сіңбеген кәсіптен ештеңе шық­пайды. Кез келген саланы бас­таған кезде маңдай теріңді төк­песең, нәтиже болмайды. Оңай жерден нан табуға болады. Әйтпесе, сол мейрамхана мен қо­нақүйімде табыс әкелер еді. Бірақ маған қиын жерден жол тапқан көбірек ұнайды. Жұрт жеті сағат ұйықтаса, үш сағат көз шы­рымымды алған кездерім болды. Мұның бәрі еңбекпен келетін дүние. Қазір 100-ге жуық адамға нан тауып беріп отырмын. Сол жүз адамның тағдыры – менің тағ­дырым. Баспанасы жоққа бас­пана, кәсібі жоққа кәсіп тауып бе­ремін. Маманың тұрақты бол­са, кәсібің дөңгелейді. Егер жұ­мыскердің әлеуметтік жағдайы дұ­рыс болмаса, оның жұмыс іс­теу­ге құлшынысы артпайды. Төрт құбыласы түгел адам тек кәсібімен айналысады.

  

Ақымақтар мен озбырлардың күш салмағы басып тұр

– Өткен ғасырдың 90-жылда­рын­дағы қиындық көптеген білікті маманның ала дорба арқалап ке­туі­не сеп болды. Тарих пәнінің мұ­ғалімін кәсіпкерлікке алып кел­ген сол қиындық емес пе? 

– Көпбалалы отбасыдан шық­тым. Үйде – жетінші баламын. Бә­рімізді тәрбиелеген – жалғыз шешем. Менің бір ғана арманым болды: шешемнің көз жасын құр­ғату. Өстіп жүріп, өзімнің қалай кәсіпкер болғанымды білмей қал­дым. Асаба да болдым, аспаз да болдым. Еңбектен арланған кезім болған жоқ. Үйіңде әйелің­нен он мың теңге артық таппасаң, онда еркектігің қайсы?

Алла сүйген адамына ғана көп бала бе­реді деп есептеймін. Баласының қа­мы үшін шырылдап жүрген ана­ның бәрі – әулие. Сол көп ба­ланы көпсінбей, қоғам көмек­тесуі­міз керек. Көпбалалы анаға өз мәртебесін қайтарып беруіміз қажет.

– «Елге барынша көмектесу – мақ­сатым» дейсіз. Сізге көмектес­кен жан болды ма?

– Өмірде екі-ақ ұғым бар: жақ­сы мен жаман. Сол ұғымның жақ­сысын көбірек пайдаланамын әрі өмірде қолданамын десем де болады. Әкемнің есімін айтып, «Қомқаңның баласы ғой» деп жы­лышырай танытқан адамның бәріне қамқорлық танытқым, жақсылық жасағым келіп тұрады. Қазақта «жақсы әкенің есімі балаға қырық жыл азық» деген сөз бар. Бойымда қандай жақсы қа­сиет болса, ол маған әкенің қа­нымен, ананың сүтімен берілген. Менің идеалым – әкем мен ше­шем. Әрі хадисте «оң қолың бер­генді сол қолың білмесін» деген жақ­сы сөз бар. Елге жасаған жақ­сы ісіңді өзің ғана білсең, соның өзі жетеді. Кімнен қандай ыстық ықы­лас, жақсылық көрсем, сол ме­ні тәрбиелеп өсірді. Сондықтан «жақсылық көрсем де өзімнен, жамандық көрсем де өзімнен».

– Бизнесте жүрген адамға ке­дер­гі болмай тұрмайды. Кедергіден не құтқарады?

– Қандай кедергі болса да, со­ның бәрін сабырмен жеңіп ке­ле­мін. Басқа адам мұның бәрін бас­тан өткерсе, өзін жоғалтып алуы да ғажап емес еді. Мені құт­қа­ратын да, тығырықтан алып шы­ғатын да – сабырым. Біреуден жа­мандық көрсем де, біреу менен жа­мандық көрмесе екен деп ті­леймін.

– Мәслихат депутаттығы кә­сіп­керге не береді? Бұл билік бас­пал­дағына жақындау ма?

– Елдің ішкі мүддесін, мұңын ай­татын бір адам керек шығар. Сол мүдде, сол мұң мені мәслихат де­путаты болуға итермеледі. Де­путат болып жүріп, бір адамның мә­селесін шеше алсам, бір адамға қам­қорлық таныта алсам, жақсы емес пе? Үндемей-түндемей кәсіп істеп, жүре беруге де болады. Бі­рақ оған арым жібермес еді. Меш­кей деген жақсы ат емес. «Ұйық­тамайтын», «қалғып кетпеген» бір депутат барын білсе деймін. Ер­тең елдің алдында «не істедім?» деп жауап бересің. Осының бә­рі­не дайын болуың керек. Балаң бұзық болса, оның да жауабын қо­ғамнан іздейміз. Оған қоғам кі­нәлі ме? Балаға дұрыс тәрбие бере алмаған адамның өзі емес пе?

– Қоғамға наразы адам өте көп. Көңіл толмаушылық басым. Адам­ды тығырықтан шығаратын жол бар ма?

– Адам мақсатына қол жеткізу үшін еңбек еткен жөн. Қол қу­сы­рып қарап отырсаңыз, сізге ешкім нан тауып бермейді. «Бергенге бе­реке береді» дейді. Қалтамда ақ­ша болмай қалса да, ақшасы көп адамның кейпін көрсетіп жүре аламын. Екінші бір дүние, бас­шылық деңгейге жеткен адам­ның ақыл-парасаты биік болмаса, қарамағындағылар тозып кетеді. Қазір қоғамды ақымақтар мен оз­бырлардың күш салмағы басып тұр.

– Ассамблея десе, түрлі кеш, кон­­церт өткізетін алаң болып елес­тейді. Сіз басқаратын ұйым­ның нақты функциясы қандай?

– Елге жария етілмейтін, көз­ге көрінбейтін көп мәселе бар. Оның бәрін жұрт біле бермеуі мүм­кін. Ел аралап, жұрттың ара­сын­да жүріп, мұңын тыңдайсың, қиындығын көзбен көресің. От­ба­сында береке таба алмаған ағайын да саған келіп мұң шағады. Тұрмыстың тауқыметі қажытқан жан да сенен қолдау іздейді. Мұ­ның бәрін жар салып айта бер­мей­сің.

– Көпбалалы ананың жанай­қайын түсінетін жан табылмай тұр. Қоғамның бұл дертін қалай жеңе­міз?

– Басындағы жаулығын тас­тап, «осынша бала таптым» деп, еш­қашан қазақ анасы көшеге шық­паған. Тіпті көз тиеді деп, ба­ланың санын айтпаған. Амал не­шік, үйде отырса, аштан өледі ғой. Баласын аштан өлтірсе, анаға одан асқан қасірет бар ма? Алла сүйген адамына ғана көп бала бе­реді деп есептеймін. Баласының қа­мы үшін шырылдап жүрген ана­ның бәрі – әулие. Сол көп ба­ланы көпсінбей, қоғам болып көмек­тесуі­міз керек. Көпбалалы анаға өз мәртебесін қайтарып беруіміз қажет.

– Соңғы жылдары Жезді өңі­рін­де діни ахуал да елді алаңдатып отыр. Бір отбасы бірнеше бөлікке бө­лініп кетті. Дүмшелік те дінді бұ­зып барады. Бұл мәселе мәсли­хат депутатын жиі алаңдата ма?

– Сирияға баласы кетіп, көз жа­сы құрғамаған ағайын көп. Жалғыз ұлынан айырылып, әке мен шеше екіге айырылғандарды да көз көрді. Бұл – жалғыз депу­таттың шешетін мәселесі емес. Үкімет бұған тосқауыл қой­маса, бұл «дерттен» арыла ал­маймыз. Бір отбасынан бірнеше ағым шы­ғып, бір-бірін тыңдамай кететін ке­зеңге жетіп қалдық. Олар кө­бейе береді. Бүгін кі­ріспесек, ер­тең бәрінен айы­ры­лып қала­мыз. Сананы тұрмыс билеген за­манда жанына «жұ­мақ» ізде­ген­дер көбейіп тұр. Әлеу­меттік тең­сіздік адамдарды «адастырып» жі­бер­ді. Ең өкі­ніштісі – осы.

Сұхбаттасқан

Гүлзина БЕКТАС,

Анар ҚОНЫС