Германия және Швейцариядағы зерттеушілер коронавирустан қайтыс болған адамдардың денесін тілгеннен кейінгі қорытындысымен бөлісті. Бұл туралы Süddeutsche Zeitung басылымында жарияланған мақалада жазылған, - деп хабарлайды Inopressa.
Басылымның хабарлауынша, Роберт Кох атындағы институт коронавирустан қайтыс болған адамдардың денесін тілмеуге кеңес береді. Себебі олар дәрігерлерге коронавирус жұғып кетуі мүмкін деп қауіптенген. Бірақ ғалымдар оны зерттеді және алғашқы қорытындыларын жариялады.
"Барлық тексеруде гипертония (жоғары қан қысымы) болды. Сондай-ақ науқастардың көбінде семіздік, яғни оларда айтарлықтай артық салмақ болды", - деді профессор Александр Цанков.Қайтыс болғандардың көбі ер адамдар екен. Науқастардың 2/3 бөлігінде қан тамыры нашарлаған, ал үштен бір бөлігі диабетпен ауырған.
"Науқастардың арасында өкпесі қабынғандар аз. Сондай-ақ, микроскоп арқылы тыныс алудың микроайналым жолдары қатты зардап шеккенін көрдік", - деді Цанков.