Қауіпсіздік – басты назарда
Қауіпсіздік –  басты назарда
367
оқылды

Нұрсұлтан Назарбаев Президент кө­мек­шісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады. Бұл туралы Ел­басының ресми сайты хабарлады.

Кездесу барысында Елбасы Қауіпсіздік кеңе­сі еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен қор­ға­ныс қабілетін қамтамасыз етуде бірыңғай мем­лекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. – Қауіпсіздік кеңесі – елдің ішінде де, одан тысқары да қауіпсіздік мәселелерін тал­дай­тын және қарауға ұсынатын өте маңызды мем­лекеттік орган. Оның құзырына құқық қор­ғау органдарының жұмысы, азық-түлік қауіп­сіз­ді­гін қамтамасыз ету, шетелдермен қарым-қа­тынас және елдің қорғаныс қабілеті сияқты мә­селелер кіреді. Сонымен бірге құқық қорғау жүйе­сінің реформасына көңіл бөліп, соңына дейін жеткізу маңызды, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Өз кезегінде Ә.Исекешев елдегі қазіргі жағ­дай туралы баяндап, 2020 жылға арналған жұ­мыс жоспары туралы ақпарат ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша Қауіпсіздік кеңе­сінің төрағасы бірқатар нақты тапсырма бер­ді.