Балаларға жасалған жақсылық
Балаларға жасалған жақсылық
257
оқылды

Солтүстік Қазақстан Облысында кәсіпкерлер 200-дей балаға демалыс лагеріне жолдама алып берді. Бұл жайында СҚО әкімдігінің отырысында белгілі болды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 191 бала ауыл шаруашылығы құрылымдарының есебінен жазғы демалыс лагерьлерінде демалады. Білім басқармасының  басшысы Гүлмира Кәрімованың мәліметінше, биыл өңірдің оқушылары 66 956 бала жазғы демалыс лагерімен қамтылмақ.

«Тұрмысы төмен отбасылардың 10 мыңға жуық баласы бюджет есебінен демалады. Осы мақсатқа шамамен 70 млн теңге бөлінді. Қазір балаларды қарсы алуға 14 сауықтыру лагері дайын», – дейді Гүлмира Кәрімова.

Биыл сауықтыру лагерьлерінің құны аудан тұрғындары үшін 15 мың теңгеден басталса, петропавлдықтар үшін баланы екі апталық демалысқа жіберу 30 мың теңгеге дейін жеткен.

Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы құрылымдары демеушілік көрсетіп, 16 млн 764 мың теңгеге демалыс лагерьлеріне 80 жолдама әперді. Жазғы демалыс – маусымның онынан басталады.