Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының хабарлауынша, Еуропалық Одақ коронавирус пандемиясынан кейін экономиканы қалпына келтіру үшін триллион қорын құрмақ.
Одақ көшбасшылары бейнебайланыс арқылы пандемиямен күреске арналған саммит өткізді. Олар коронавирус індетінен аса зардап шеккен елдерге және еуропалық компанияларға көмек көрсету үшін арнайы қор құруға шешім қабылдады.
Қор алдағы екі ай ішінде құрылуы тиіс. Еуропалық Одақ елдерінен шамамен 1,5 трлн евро жиналады деп үміттенеді.
Осылайша, 1 маусымға қарай кәсіпкерлер мен жұмысшыларға көмек көрсету үшін 540 млрд евро сомасына несие пакеті дайын болады.
Айта кетейік, кеше Тығырықтан бірінші қай ел бірінші шығатынын жазған болатынбыз.