Ұлыбритания елінде де коронавирустың жаңа түріне қарсы шығарылған вакцина клиникалық сынамадан өте бастады, деп хабарлайды «Рейтер» ақпарат агенттігі.
нша, Оксфорд университеті шығарған препарат әзірге екі еріктіге ғана егілді. Ғалымдар «дәрінің тиімділігіне күмән жоқ» деп сендіріп отыр. Жалпы бұл жұмысқа қатысу үшін 800-ге жуық адам келісімін берді. Мамандар оларды екі топқа бөліп, біреуіне коронавирусқа қарсы вакцина егілсе, екіншісіне менингитке қарсы вакцина егілетін болады. Кім қандай препаратты қабылдағанын тек дәрігерлер ғана білмек. Кейін екі топтың қайсы ең көп коронивирусты жұқтырғанын салыстыра келе, вакцинаның тиімділігі анықталады.
Айта кетейік, бұл препараттың дайындалуына 3 айдан аз уақыт кетті.