Орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие Қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) The Sweet Science тұжырымы бойынша осы салмақтағы онжылдықтың ең мықты боксшысы ретінде мойындалған.
Олар Головкин Сауль «Канело» Альварестен (53-1-2, 36 КО) жеңілгеніне қарамастан рейтингте бірінші, ал мексикалық екінші екенін жазады.
2010-2019 жыл аралығында қазақстандық боксшы 25 жекпе-жек өткізіпті. Оның 23-інде жеңіске жетсе, бір рет жеңілген және біреуінде тең түскен.
«Альварес Головкинді нокаутқа түсірсе де, GGG рейтингте бірінші болатын еді. Оның екі себебі бар. Біріншісі, Головкин он жыл бойы орта салмақта жұдырықтасып келеді. Әрі жеңісті ешкімге берген жоқ. Ал «Канело» бұл дивизонда үлкен жетістікке жеткенімен, тиіп-қашып жүрді. Екінші, Головкин 2010 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін шебер бокстасты. Оның орта салмақта айрықша шеберлік көрсеткенін ешкім ұмытпайды» деп жазады басылым.
The Sweet Science тұжырымы бойынша онжылдықтың ең мықты он боксшысы қатарында бірінші болып Головкин тұр Одан кейінгі орында:
Сауль Альварес
Серхио Мартинес
Дэниэл Джейкобс
Дэниэл Гил
Мигель Котто
Билли Джо Сондерс
Феликс Штурм
Питер Куиллин
Дмитрий Пирог жайғасқан.
Генаның шаршы алаңда қалай атой салатыны көпшіліктің мәңгі есінде қалары анық. Қазақстандық сары баланың жеңісін тойлаған күндер де ел жадында.