Елімізде алдағы үш тәулікте қар аралас жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал
Елімізде алдағы үш тәулікте қар аралас жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал
© сурет интернеттен алынды
292
оқылды
25-27 сәуір аралығында республикада ауа райы құбылып тұрады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Белсенді фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып (солтүстікте қарға ауысады), кей жерлерде мол көлемде жаууы мүмкін. Бірқатар өңірлерде найзағай, тұман, дауыл, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік аймақтарда тыл циклонының орнын антициклон басып, ол жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.