Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері Ақмола облысының арнайы қызмет көрсету орталығының 7 науқасын коронавирустан емдеп жазды, - деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Олар 7 сәуірден бастап № 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында ем алды. Науқастардың арасында 1927, 1933, 1944, 1955, 1961 жылғы әйелдер мен 1978, 1984 жылғы ер адамдар бар. Пациенттер дәрігерлерге көрсеткен медициналық көмек пен қамқорлығы үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде ақ халаттылар қарияны қошеметпен шығарып салды.
Олар алғыс ретінде дәрігерлерге өлең жолдарын арнады. Елордада коронавирусты жұқтырудың 433 жағдайы тіркелді, 207 адам індеттен сауықты.