Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға қосымша 100 млрд теңге бөлінді
Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға қосымша 100 млрд теңге бөлінді
© inform.kz
5,189
оқылды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға қосымша 100 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында айтылды. «Басты мәселенің бірі – көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру. Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы бағытта қосымша 100 млрд теңге бөлінді. Жалпы фермерлердің қаражатқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін арзандатылған сыйақы бойынша қаржыландыру және фермерлердің өнімдерін форвардтық сатып алу сияқты құралдар қарастырылған», - дейді  Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров. Ол бірқатар мәселеге айрықша тоқталып өтті. «Бірінші, көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға арналған бюджет қаражатының көлемі 10 млрд теңгеге ұлғайды. Былтыр 60 млрд теңге болса, биыл 70 млрд теңге болды. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 7%-дан 5%-ға төмендеді. Негізгі фактілерге тоқтап өтсек, бір шаруаға арналған орташа чек 30 млн-ға жуық теңгені құрайды. Шаруалар ұсынатын құжаттар тізбесі қысқартылды. Заңды тұлғалар үшін 27-ден 13-ке дейін қысқарды. Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер үшін ұсынатын құжаттар тізімі 16-дан 12-ге дейін қысқарды», - дейді ол.