Алматыда 100 мыңнан астам адам коммуналдық төлемге 15 мың теңгеден алады
Алматыда 100 мыңнан астам адам коммуналдық төлемге 15 мың теңгеден алады
5,183
оқылды
Алматыда коммуналдық қызметтерге үкімет тарапынан өтелетін 15 мың теңгені алатындардың тізімі жаңартылды. «Осы коммуналдық өтемақыға байланысты біз тізімді үшінші рет жаңарттық. Егер әу баста 60 мың адам жеңілдікке ілінсе, бүгінгі күнігі тізімде 108 500 адам бар. Біз бұл тізімді қаланың энергия тиімділігі және инфрақұрылымды дамыту басқармасына тапсырып жатырмыз», - деді Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысы Рахат Шимашева. Онлайн брифинг барысында, қалалық энергетикалық тиімділік басқармасының басшысы Әсет Масабаев сәуірдің коммуналдық қызмет ақысы мамырда, мамыр айының төлемі маусымда келетінін еске салды. Оның айтуынша, осы төлемдерге ресбуликалық бюджеттен шамамен екі миллиард теңге бөлінеді. «Біз 60 мың адамға ақша бөлуге өтініш бердік. Қазір соны күтіп отырмыз. Бірақ бүгінде тізімдегі адамдар 100 мыңнан асып кетті. Яғни, қосымша тағы қаржы бөлуді сұраймыз», - деп түсіндірді Әсет Масабаев. Оның айтуынша, бүгінгі таңда 100 299 адам бұл төлемді алуға құқылы. Оның ішінде бүгінде 2 мың ғана адам өз мәртебесін растады. Алматылықтар өздерінің тізімде бар-жоғын 355 -19- 55 нөміріне хабарласып біледі.