Жаңалықтар Жаһан Кәсіпкерді күйреуден сақтап қалған дәстүр (фото) Кәсіпкерді күйреуден сақтап қалған дәстүр (фото) ©Сурет интернеттен алынды Назгүл Ержанқызы 25/04/2020 04:30 516 оқылды Бүгінде бүкіл әлем дағдарыстың алдында тұр. Себебі, мемлекеттер шет-шетінен карантин жариялауда. Кесірінен көптеген дәмханалар мен кафелер де жабылды. Біраз кәсіпкерлерді теңселтіп тастады. Кейбірі қызметкерлерінің жалақысын да бере алмай қалды. [caption id="attachment_38737" align="alignnone" width="1024"] ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Оның қатарында Джениффер де бар. «Айы оңынан туды» деген осы шығар! Кафесінде ұстанатын дәстүр оның абыройын сақтап қалды. Соның арқасында қызметкерлерінің алдындағы қаразынан құтылды. Кафеге келушілердің шайпұлға деп тасталған майда ақшасы пайдаға жарады. [caption id="attachment_38738" align="alignnone" width="1024"] ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Тайби аралындағы The Sand Bar-дың ашылған күннен сақталып жүрген дәстүрі бар. Әрбір келушінің кетерінде барменге шайпұл тастайтыны белгілі. Оның ішіндегі майда қағаз ақшаға олар тілегін жазып кетеді екен. Кафе иесі сол тілектерді қабырғаға жабыстыртып жинай берген. Жиналғаны соншалық 15 жылдың ішінде ақша қабырғадан төбеге дейін жабыстырылған. [caption id="attachment_38739" align="alignnone" width="1024"] ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Кафені жаптым, қызметкерлерді босаттым. Иесі қарызын сол ақшамен төлепті. Бар жабылысымен, не істерімді білмедім. Енді не істеймін, олардың ақысын қайдан табамын деп ойланып кеттім. Бір уақытта көзім төбеге түсіп кетті. «Төбемнің бәрі ақша ғой, тым болмағанда қызметкерлердің ақысын төлейін. Ол да игі іс» деген ой сап ете түсті. [caption id="attachment_38740" align="alignnone" width="1024"] ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Қабырға мен төбедегі ақшаның жалпы сомасы – 3 714 доллар. Жиналған сомадан қызметкерлердің дәлме-дәл айлық жалақысы шыққан. Сөйтіп, кафенің салты кәсіпкердің күйреуінен сақтап қалған. [caption id="attachment_38741" align="alignnone" width="1024"] ©Сурет интернеттен алынды[/caption] «Бұл да бір өтер. Қалыпты өмірге қайта оралармыз. Сол кезде кафе де ашылады. Келушілердің ізгі тілегін алармыз» дейді кафенің иесі.