UFC-дегі табысты спортшы
UFC-дегі табысты спортшы
153
оқылды
The Sun басы­лымы  UFC тари­хын­да ең көп та­быс тап­қан спорт­шылар тізі­мін жария­лады. Көш ба­сын­да ирланд фай­­тері Конор МакГрегор. Өзін­дік ерек­ше стилі бар танымал спорт­шы­ның бұл тізімде болуы тосын жайт емес. Әйгілі басылым МакГрегор өзінің жекпе-жегі үшін 12 миллион доллар алғанын жазған. Жалпы табысы  8,7 миллион долларға бағаланған ауыр салмақта жұдырықтасатын Алистар Оверим 2-орынға жайғасты. Ал үздік үштікті жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов түйіндеді. Forbes мәліметіне сүйенсек, Мак­Грегор 2019 жылы 45 миллион доллар та­быс тапқан. 2018 жылы Хабиб Нурмагомедов­пен өткен жекпе-жек­те жеңілген еді. 2019 жылы 26 нау­рыз­да карьерасын аяқтағанын мәлім­дегенмен, 2020 жылы спорт­қа қайта оралды. Әрі ол Ре­сей фай­терімен қарымта кездесуді міндетті түрде өткізетінін жиі айта­ды. Демек, МакГрегор жанкүйерлері масат­тана­тын күн алыс емес.  

А.ЖОЛДАС