Музей мен қалашыққа онлайн саяхат
Музей мен қалашыққа онлайн саяхат
344
оқылды
Мәдениет министрлігі елдегі музейлер мен қалашықтарға 3D форматта экскурсия жасауға шақырды. Үйде отырып-ақ мә­дениетті танып, ұлттық мұраны дәріптеуге болады. Жауапты министрліктің мәлі­метінше, Бозоқ, Сарайшық, Сауран және Отырар қалашығы, сондай-ақ Берел және Есік қорғандары сияқ­ты тарихи-мәдени орындарға, музейлер мен музей-қорықтарды онлайн режимде аралауға болады. Аталған орындардың сайтында 3D форматта экскурсия, онлайн серуен режимі, сондай-ақ бейнероликтер, бейнеэкскурсиялар, онлайн дәріс­тер, бейнесабақтар және тағы басқа іс-шаралар бар. Сонымен бірге министрлік өт­кіз­ген брифингте осыған дейін өт­кен онлайн экскурсиялардың нәти­жесі жарияланды. Ақтоты Райымқұлова­ның айтуынша, музей-қорықтар қыс­қа уақыттың ішінде 150-ден астам онлайн шара өткізген. Оны 100 мыңнан астам көрермен тамашалаған. Мұның ішіндегі ерекше жобалардың бірі – Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер га­лерея­сы әзірлеген есту қабілеті тө­мен аза­маттарға арналған арнайы бейнеэкскурсия. Жалпы, елімізде 18 мыңнан астам есту қабілеті бұзылған адам бар. Ал бұл шара оларға керемет мүм­кіндік тудырып, жағымды эмо­ция сыйлады. Сондай-ақ зағип және нашар көретін азаматтар да осындай қам­қорлықтан шет қалған жоқ. Олар­ға арналған кітапхана каран­тин кезі­нің өзінде 25-тен астам шығар­маны әлеуметтік желіге жариялады. Брайль шрифті бойынша 130-дан астам кітап, аудиокітап пен Абайдың шығармалары ұсынылды. Жас жеткіншектердің ой-өрі­сін кеңейту, көңілін көтеру мақ­сатында түрлі онлайн конкурс ұйым­­­дастырылған. Солардың ішін­де таңдаулысы – «Өнерлі өрен» республикалық онлайн байқауы. Балалардың қызығушылығы сондай, қатысу үшін 500-ге жуық өті­ніш түскен. Министрлік өкілі осы ретте клас­сиктердің, соның ішінде Абай­дың шы­ғармалары өте танымал екенін атап өтті. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде жал­ғасып жат­қан конкурсты бір уақытта 28 мың көрер­мен тамашалайды. Ал өрендердің өнерін кәсіби әртістер мен ақындар бағалайды.  

Айбек АЙДАР