Соғыстағы көзсіз батырлық
Соғыстағы көзсіз батырлық
©Сурет интернеттен алынды
440
оқылды
Қызыләскерлік Балмұқан Мерзажанов отан алдындағы борышын абыроймен өтеді деуге болады. 1918 жылы туған ол, Ұлы Отан соғысына 23 жасында аттанған. Әскерде 174-атқыштар дивизиясы 628 атқыштар полкінің 220-шы атқыштар батальонында пулеметші болған. [caption id="attachment_38906" align="alignleft" width="491"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Соғыс кезінің 1943 жылдың 29 қазанда ол Днепр өзенін кесіп өтіп, Ивановщина ауылын басып кіру батылдығымен көзге түскен. Себебі, Балмұқан өзеннен бірінші өте салып, қарсыласқа оқ жаудырған. Өз әскерінің жиналып, жауды тарпа бас салуына жағдай жасаған.

Немістердің басымдығына қарамастан олармен жан берісіп, жан алысқан. Ұрыс барысында пулеметі істен шығып қалған. Сонда да жауға бой бермеген. Жерде жатқан қарсыластың виновкасын ала салып, оқты қарша боратқан.  Ақыр-соңында тобында бес-ақ адам қалған. Қысыл-таяң шақта да жауға бірелмеді. Әскеріміздің қосыша күші келгенше ұрысты жалғастырған. [caption id="attachment_38907" align="alignright" width="314"] width= ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

 Осының арқасында әскеріміз, бұл шайқаста жеңіске жетті. Сол кезде ол бір өзі жаудың 50-ден астам сарбаз бен офицерін жайратып салды. Алайда оның осы ерлігі елеп-ескерілмеді. Балмұқан Мерзажановтың ерлігі полктің жеңісі деп қабылдады. Сондықтанда тек полк командирі Қызыл ту орденімен марапатталды.