800 грамм болып туған нәресте коронавирустан жазылып кетті
800 грамм болып туған нәресте коронавирустан жазылып кетті
© Pixabay
5,244
оқылды
Иранда салмағы 800 грамм болып туған нәресте коронавирустан жазылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ирна агенттігіне сілтеме жасап. Йезд қаласында Шахид Садуга атындағы Медициналық ғылымдар университетінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі орынбасары Махмұд Нури коронавирус жұқтырған нәрестенің жазылып шыққаны туралы хабарлады. «Әмір Арсаланның (жаңа туған нәресте) қазіргі кезде салмағы бір келі, 200 грамм. Оған әрбір үш сағат сайын 15 милилитр сүт берілуде», - деді ол. Оның айтуынша, бала Шохад-Каргар ауруханасындағы қарқынды терапия бөліміндегі медбикелер мен дәрігерлердің күш салуының арқасында аман қалды. «Дәрігер ретінде, мен қымбатты Арсалан мен оның анасының жазылып шыққанына қуаныштымын», - деді ол. Иран коронавирусты жеңген елдердің алдыңғы қатарында еді. Осы уақытқа дейін онда вирус жұқтырған шамамен 90 мың адамның 70 мыңға жуығы жазылып, ауруханадан шығарылды.