Елордада тұрғын үйлердің бірі карантинге жабылды
Елордада тұрғын үйлердің бірі карантинге жабылды
© сурет интернеттен алынды
214
оқылды
Елордада «Эдем Палас-2» тұрғын үй кешені кіреберісінің бірі карантинге жабылғаны бұрын айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Осы себепті онда тұрғындардың сыртқа шығуына 2 апталық шектеу қойылды. Коронавирус жағдайы кеше анықталғанымен, бірқатар тұрғын оқшауға алынғанын бүгін таңда бірақ білген. Осыған байланысты іргелес орналасқан подъезд тұрғындары көршілеріне дүкендерден азық-түлік жеткізіп жатыр. –Осы үйде өзім тұрам. Осы подъезді кеше кешке жақын полиция қызметкерлері келіп жапты. Сол кісілердің айтуы бойынша, жаңағы біздің подъезде ауру табылып, осы жерден алып кетті. Қазір кісілердің барлығы ішінде. Тұрғындарымыз тыныш. Тамақ жағынан проблемалар жоқ. Проблема құрылыс материалдарын сататын сауда орталықтарында бар. Атап айтсақ, ірі сауда орындарындағы автотұрақта көлік кептелісі мен кіре беріс алдында ұзын-сонар кезек пайда болды. Осыған байланысты тұтынушылар дүкен алдында бірнеше минут тұруға мәжбүр. Алайда дүкен ішіндегі карантин тәртібі толық сақталған. Антисептик құйылған құтылар әр жерге қойылған. Медициналық бетперде тақпағандар дүкенге кіргізілмейді, - дейді Кенесары көшесі, 52 тұрғын үйінің ПИК төрағасы Аслан Өмірбеков.